​Қызылқоға ауданында жаңа су құбыры қыркүйекте пайдалануға беріледі

29.05.2026

Azh.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Атырау облысында Қызылқоға ауданындағы «Тайсойған – Миялы» магистралды су құбырының құрылысы жалғасып жатыр. 

Нысан биыл қыркүйекте пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Инфрақұрылымдық жоба елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамтуға бағытталған.

Су құбыры желісінің ұзындығы 73 шақырым. Жоба аясында 12 су ұңғымасы қазылып, көлемі 2000 текше метр болатын төрт резервуар салынуда. Қазір резервуарлардың екеуіне бетон құю жұмыстары жүргізіліп, жалпы құрылыс жұмыстарының 50 пайызы аяқталған.

Қызылқоға аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Нұрбек Қияқбаевтың айтуынша, жоба іске қосылғаннан кейін Жангелдин, Жасқайрат, Миялы ауылдық округтері мен жол бойындағы елді мекендер орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылады. 

Жаңа желі тәулігіне 6500 текше метр су жеткізуге мүмкіндік береді.

Нысанда 35 жұмысшы мен арнайы техника жұмылдырылған. 

 Нұрбек Қияқбаевтың айтуынша негізгі қиындықтар құмды аумақта құрылыс материалдарын тасымалдау және ауа райының қолайсыздығына байланысты туындауда. Соған қарамастан құрылыс жұмыстары белгіленген кестеге сай жүргізіліп жатыр.

Су құбыры толық автоматтандырылған жүйе арқылы жұмыс істейді. 

Алғашқы бес жылда нысанға мердігер мекеме қызмет көрсетсе, кейін ол жергілікті әкімдіктің теңгеріміне беріледі.

Бүгін, 16:01

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью