Қызылша: қоғамды мазалаған құбылыс

28.02.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Мамандардың хабарлауынша, індеттің таралу көрсеткіші қараша айынан бастап күрт артқан. Жыл басынан бері қызылшаның 3 473 жаңа дерегі тіркелген, оның 84%-ы (2932 жағдай) 14 жасқа дейінгі балалар арасында кездесіп отыр.

Өкінішке қарай, қызылшаға шал­дыққан балалардың 77%-ы (2691) ауруға қарсы вакцина алма­ған болып шыққан. Оның 1 495-і вакцинациядан бас тартса, 814-і вакцинация жасына толма­ған, ал 382-сі медициналық қарсы көрсеті­лім­­деріне байланысты вак­ци­на ал­маған екен. Бір айтар­лығы, вак­ци­на алмаған жағдайда қызыл­ша асқынып, есту қабі­ле­тінің тө­мен­деуіне, пневмонияға, мидың қабы­ну­ына (энцефалит), жүйке жүйесі­нің зақымдануына, мүгедек­тік­ке, тіпті өлімге дейін соқтыруы мүмкін. 

– 2026 жылы 19 ақпанда эпи­де­миологиялық жағдайды тұрақ­тан­дыру мақсатында Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Қыз­ыл­ша бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу шара­лары туралы» №3 қаулысы қабыл­данды. Қаулыға сәйкес, туғанына 6-10 ай болған сәбилерге, Ұлттық профилактикалық екпелер күн­тіз­бесіне сай егілмеген 2-5 жас және 7-18 жас аралығындағы балаларға, екпесі жоқ немесе олар туралы дерегі жоқ 30 жасқа дейінгі медицина қызметкерлеріне қыз­ыл­шаға, қызамыққа және пар­отитке қарсы иммундауды кеңей­ту қолға алынды, – дейді Сани­­тариялық-эпидемио­ло­гиялық бақылау комитетінің Бас сарап­шысы Наргиз Мұратқызы. 

Маманның сөзінше, вакци­нация тек адамның немесе заңды өкілінің келісімінен кейін ғана жүр­гізіледі. Сонымен қатар бала­ларды жоспарлы түрде ауруханаға жатқызуға қойылатын талаптар да күшейді. Енді ұжымдарда, әскери бөлімдерде және білім беру ұйым­дарында қызылшамен ауру жағ­дайы тіркелген кезде вакцина алма­ған адамдарды уақытша оқ­шаулауды қоса алғанда, эпиде­мия­ға қарсы және профилакти­калық іс-шаралар жедел түрде ұйымдастырылады. 

Қысқасын айтқанда, қызылша жұқтырғандардың басым бөлігі – вакцина алмаған балалар. Қазір аурумен күресіп жатқандар­дың 59 пайызына ата-анасы вак­цина алуға рұқсат бермеген көрі­неді. 2025 жылы 19 мыңнан аса адам вакцина­дан бас тартқан. Сол себепті де эпидемиологиялық жағдай толық тұрақтанбай, ұжым­дық иммунитет­тің төмендеуіне әкеп соғып отыр. 

Науқас 12-18 адамға вирус жұқтыра алады

Қызылшадан қорғанудың жал­ғыз сенімді жолы – екпе салдыру. Ауруға қарсы вакцина алу ұзақ­мерзімді иммунитет қалып­тас­тырады. Дәрігерлердің айту­ын­ша, қызылша ауруы ауа тамшы­лары арқылы тез жұғады, орташа есеп­пен бір науқас 12-18 адамға дейін вирус жұқтыра алады, вак­цина алмаған адам 98 пайыз жағ­дайда вирусты бірден жұқтырады екен, тіпті көрші подъездегі адам сыр­қат­танса, жұқтыру көрсеткіші ар­та­ды. Вирус жабық ғимарат іш­ін­де екі сағатқа дейін сақталу қас­иетіне ие. Аурудың нақты емі жоқ, сон­дықтан да уақытылы вакцинация жасаудан артық қор­ғану мүмкіндігі жоқ. Ұлттық про­филактикалық екпелер күнтіз­бесіне сәйкес, вак­цинация 1 және 6 жастағы бала­ларға жүргізіледі, екі рет вакцина алған адамда тұр­ақ­ты иммунитет қалыптасады. Ал қызылшамен ауыратын науқаспен байланыста болған 30 жасқа дей­ін­гі вакцина алмаған адамдар жағ­дай анық­тал­ған сәттен бастап, алғашқы 72 сағат ішінде шұғыл вакцина алуға тиіс. Өкінішке қа­рай, қызылша жұқтырған адам­ның өзге вирустар мен бактерия­лар­ға қарсы тұру қабілеті де жой­ы­ла­ды, себебі ауру адамның им­мундық жүйесін әлсіретіп жі­бе­реді. Адам аурудан толық айық­қаннан кейін де өзін бірнеше ай әлсіз сезінеді. 

Негізінен, ауру белгілерін ан­ық­­тау аса қиындық туғызбайды, алайда аурудың алғашқы белгілері суық тию белгілеріне ұқсас бола­ды. Алғашында әлсіздік, көздің қыз­аруы, тәбеттің болмауы, құр­ғақ жөтел, мұрыннан су ағу, дене қызуы­ның 38-40 градусқа дейін кө­терілу секілді симптомдар кез­де­седі, содан кейін ғана денеде бөрт­пелер пайда бола бастайды екен. 

Қорғанудың жалғыз жолы – вакцинация

Қазір халық көп шоғырланған Астана, Алматы қалаларында, Атырау, Қызылорда, Түркістан облыстарында вирус жұқтыру деңгейі артқан. Астана қалалық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлназ Төленқызы вакцинация деңгейі­нің төмендеуі қауіпті күшейтетінін айтты.

– Қоғамда вакцинация деңгейі төмендеген кезде вирус осал топ­тарға, ең алдымен, балаларға оңай жұғады. Екпемен қамтудың аз­аюы, вакцинациядан бас тарту және оған сенімсіздік мектеп, ба­­ла­бақша, қоғамдық көлік, ойын-сауық орталықтары сияқты күнделікті орындарды қауіпті аймаққа айналдырады. Мұндай жағдайда ұжымдық иммунитетті сақтау аса маңызды, – деді ол.

Халық арасында вакцинаның зияны жөнінде жиі айтылып жа­тады, алайда вакцинаның тиім­ділігі 95 пайыздан жоғары және қауіпсіз­дігін халықаралық меди­циналық зерттеулер толық дәлелдеген. Вак­цина салдыр­ған­нан кейін дене қызуының аздап көтерілуі, екпе алған жердің қыз­аруы немесе ауырсынуы секілді тек жанама әсер­лер болуы мүмкін. Сирек жағ­дайда ғана бөртпе шы­ғады. Бала­ның вакцинация ста­тусын eGov Mobile қосымшасы ар­қылы немесе учаскелік дәрігер­ден анық­тап білуге болады. Бір қуанарлығы, кейінгі жылдары қызылшаға шал­дыққандардың арасында өлім-жітім жағдайы тіркелген емес, бірақ 2023 жылы Орал қаласының тұрғыны Эль­мира Нысанбайдың 4 айлық сәбиі қызылшамен ауырып, шетінеп кеткен еді. Оның айтуына қара­ғанда, дәрігерлер де салғырт­тық танытқан. Ең бастысы, сәбидің анасы ата-аналарға уақытылы вак­цина алуға, бала денсаулығына мұқият болуға шақырады. 

– Сәбиім тура 4 айға толғанда, ыстығы шығып, қатты ауырды. Де­реу Орал қаласындағы көп­бейінді балалар ауруханасына бар­дық. Бізді аллергия деп жат­қызды. Ауруханада 3 күн болдық, денесіндегі бөртпелер біртіндеп басылды, ауруханадан шығарда, қызымның қызуы қайта көтерілді. Дәрігерлер бұдан кейін қызылша деді. Сәбиімнің қызуы мүлдем түс­пей, тыныс алуы қиындап кетті. Бізді «Жұлдыз» шағын аудан­ындағы модульдік жұқпалы аурулар ауруханасына жіберді. Қызымның қызуы 41 градусқа дейін көтерілді. Таңға жақын ты­ныс алуы қиындап кетті, жан­сақ­тау бөлімінде орын болмай, бір науқасты шығарып, бізді апарды. Сүтті зондпен бердік. Сағат 03.40-та қызымның демі үзіліп кетті. Қыз­ылша өкпеге түскен екен. Дәрі­герлер пневмониямен асқын­ған қызылша деп жазып берді. Ата-аналар, мұқият болыңыз­дар, – дейді кейіпкеріміз. 

Асқыну өлімге әкеледі

Қазір қызылша жұқтыр­ған­дар­дың дені Астана қаласында тіркелген. Біз эпидемиологиялық жағдайды білу үшін №3 көпбейінді қалалық балалар ауруханасы ди­рек­торының медициналық бөлім бойынша орынбасары Роза Уте­геноваға хабарласқан едік.

– Өкінішке қарай, балалар әртүрлі себепке байланысты екпе­сіз қалып отыр. Ата-аналардың бірі қорқамыз деп алғысы кел­мей­ді, кей балалардың медициналық қарсы көрсеткіштері болып жата­ды. Дегенмен де балалар уақыты­лы вакцина алса, ауырған жағдай­да қатты асқыну болмас еді, ауру­ды оңай еңсеріп, жеңіп шыға­ды. Вакцина алмаған балаларда ауру ауыр жағдайда өтіп жатыр, қызылшаның әртүрлі асқынған түрімен ауруханаға түсіп жатыр. Олардың 70 пайызы – 5-7 жасқа дейінгі балалар. Жоғары сынып оқушылары мен студенттер ара­сы­нан да бірен-саран жағдай тіркелген, демек олар да вакцина алмаған, – дейді маман.

Дәрігердің айтуынша, асқыну­лардың ең жиі кездесетіні – ты­ныс жолдарының асқынуы, брон­хит, әртүрлі пневмониялар, ор­та­лық нерв жүйесінің зақымдануы, тырыспа. Ең қиыны, кейінгі кез­дері қызылшаның ауыр асқынуы­ның бірі – панэнцефалит те тір­келіп отыр. Бұл ауру қызылшамен ауырған соң, бірнеше ай немесе бірнеше жылдан кейін пайда болады. Инфекциялық ауру ми­дың ақ және сұр затын жаппай зақымдап, өте баяу дамиды, ақыр соңында өлімге, не өмір бойы мүгедектікке әкеп соқтырады. 

– Вакцинадан қорқудың қа­жеті жоқ. Үндістанда шығатын, сапалы, халықаралық стан­дарт­тарға сай, сертификатталған вак­циналарды қолданамыз. Ата-ана­ларға «уақытылы вакцина ал­ың­ыздар» деп үнемі ескертіп айта­мын. Қаншама вакцина алмаған бала ауруханаға түсіп жатыр, ата-ана баланың қиын жағдайын көр­генде барып жылайды, неге бұлай болды деп айғай-шу шығара­тын­дар да бар. Вакцина алып, соның салдарынан ауруханаға түскен бір де бір жағдайды көрген емеспін, – дейді Р.Утегенова.

Елде ауру асқынып тұрған ретте дәрігерлердің кеңесіне көңіл бөліп, денсаулыққа мұқият болуға шақырамыз. Ауруға шал­дықпас үшін уақытылы  вакцина алғаныңыз жөн...

Айсұлу СЪЕЗХАН

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью