Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
Қызылшаға байланысты қалыптасып отырған эпидемиологиялық жағдайға байланысты Денсаулық сақтау министрлігі эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды күшейтті, деп жазады Egemen.kz.
Фото: egemen.kz/Қырмызы Жұмағалиқызы
Жағдай тұрақталғанға дейін 6-10 айлық балаларды қосымша иммундау енгізілген. Сондай-ақ бұрын екпе алмаған 2-5 және 7-18 жастағы балалар мен 30 жасқа дейінгі медицина қызметкерлерін де вакцинациялау ұйымдастырылды.
Ұйымдастырылған ұжымдар мен әскери бөлімдерде вакцинацияланбаған адамдарды уақытша шеттетуді қоса алғанда, жоспарлы емдеуге жатқызуға және эпидемияға қарсы режимге қойылатын талаптар күшейтілген.
Министрлік қабылданған шараларды іске асыру қазірдің өзінде оң нәтиже көрсетіп отырғанын мәлімдеді.
«Алдыңғы аптамен салыстырғанда (417 жағдай) қызылша тіркелу жағдайлары 311-ге дейін төмендеді. Төмендегеніне қарамастан, эпидемиологиялық жағдай әлі тұрақты емес. Қызылша дерегінің ең көбі Астана қаласында тіркелді – 81 жағдай, Алматы қаласында – 48 жағдай, Алматы облысында – 57 жағдай, Батыс Қазақстан облысында – 29 жағдай, Атырау облысында – 57 жағдай және Қостанай облысында – 57 жағдай. Науқастардың негізгі үлесін 14 жасқа дейінгі екпе алмаған балалар құрайды», делінген министрлік хабарламасында.
2026 жылдың басындағы жағдай бойынша қосымша иммундаумен 6-11 айлық 36,7 мың бала, жоспарлы вакцинациялаумен 1 жастағы 21,4 мың бала (6,7%) және 6 жастағы 17 мың бала (4,7%) қамтылған.
Министрлік ахуалға мониторинг жүргізуді және ден қою шараларын үйлестіруді жалғастырып жатыр.
Алматыда 12 мыңнан астам қыз балаға жатыр мойны обырына қарсы екпе жасалды
Соңғы жаңалықтар
Қызылшаға қарсы екпе медицина қызметкерлеріне де салынатын болды
Медицина • Бүгін, 15:51
Елімізде наурыз айындағы ҰБТ басталды
Білім • Бүгін, 15:47
Туристік маусымның ашылуы: Наурызда екі маңызды іс-шара өтеді
Туризм • Бүгін, 15:37
Ерлікпен қаза тапқан фельдшерге туған жерінде ескерткіш тақта орнатылды
Тағзым • Бүгін, 15:28
Қайрат Сатыбалдының бизнес-орталығы 61 миллиард теңгеге сатылады
Оқиға • Бүгін, 15:10
Астанада мектеп директоры мен есепшісі 600 млн теңгеге жуық қаражатты жымқырған
Қоғам • Бүгін, 15:02
Жаңа Конституция жобасы кемел қоғамның моделін ұсынады
Ата заң • Бүгін, 14:48
«Отбасы банк» ипотеканы зейнетақы қаражатымен өтеуге өтінім қабылдауды қайта бастады
Банк • Бүгін, 14:35
Алматыда жаппай жарық өшуі мүмкін
Алматы • Бүгін, 14:32
Өскемендегі университетте жаңа Конституция және референдумды қолдау мәселесі талқыланды
Ата заң • Бүгін, 14:24
Елорда әуежайында дабыл жүйесі іске қосылуы мүмкін
Оқиға • Бүгін, 14:18
Иран неге америкалық және израильдік ұшақтарды атып түсіре алмайды?
Әлем • Бүгін, 14:02
Ғалымдар жаңа Конституцияға қолдау білдірді
Ата заң • Бүгін, 14:00
Көктемгі каникул: Оқушылар неше күн демалады?
Қоғам • Бүгін, 13:42
«Qyran» тұрғын үй кешені пәтерлерді екі адамға қатар сатқан
Заң • Бүгін, 13:30