Қызылжар мешітіндегі ұрлық: Имам ұры қызды түрмеден құтқарып қалды

16.06.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Оқиға кезінде қыз имамның кабинетте жоқ екенін пайдаланып, еш кедергісіз ішке кірген. Ақшаны алған соң ол оқиға орнынан тез арада кетіп қалған. Алайда оның әрекеті бейнебақылау камераларына түсіп қалғандықтан, полиция қызметкерлері күдіктіні көп ұзамай анықтады.

Сот отырысында айыпталушы өз кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкінетінін айтты. Көз жасы көл қылып, имамнан кешірім сұраған.

Жәбірленуші имам адамгершілік танытып, бойжеткенді кешірген. Сонымен қатар ол соттан қызды бас бостандығынан айырмауды сұраған.

Астанада мешітте намаз оқып тұрған ер адамның телефоны ұрланды

Үкім шығару кезінде сот жәбірленушінің ұстанымын, айыпталушының бұрын сотталмағанын, қылмысты алғаш рет жасағанын және кішкентай баланы жалғыз тәрбиелеп отырғанын ескерді.

Нәтижесінде мешітте ұрлық жасағаны үшін бойжеткенге 1,5 жыл шартты жаза тағайындалды.

Сонымен бірге сот оны жәбірленушілерге өтемақы қорына міндетті төлем ретінде шамамен 65 мың теңге төлеуді міндеттеді. Бұл сома ұрланған ақшаның көлемінен екі есеге дейін көп.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью