Рахат Тұрлыханов әйелімен жанжалға байланысты тағы полицияға жеткізілді: 16 наурыз 2026, 12:38 жаңалықтар

16.03.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Қазақстандық әнші Рахат Тұрлыханов отбасылық жанжалға байланысты тағы да БАҚ назарына ілікті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстандық әнші Рахат Тұрлыханов отбасылық жанжалға байланысты тағы да БАҚ назарына ілікті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы ПД баспасөз қызметі өкілі осы жағдайға пікір білдірді.

"Медеу ауданында болған отбасылық жанжал бойынша полиция қызметкерлері түскен шақыру бойынша шығып, оқиғаға қатысушыларды аудандық полиция басқармасына жеткізді. Тексеріс барысында әйел бастапқыда оған физикалық күш қолданғаны туралы хабарлады, бірақ кейін ұрып-соғу дерегін жоққа шығарды және отбасылық жанжал туралы шағым жасады", - деп жазылған хабарламада.

Ер адамға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылған.

Айта кетейік, 2024 жылы 3 қаңтарда Рахат Тұрлыхановқа қатысты отбасылық жанжалға қатысты іс қарауға қабылданған. Артынша әнші кінәсін мойындап, әкімшілік ескерту түрінде әкімшілік жазаға тартылған болатын.

Алайда сот алқасының қаулысы бойынша, Тұрлыхановқа қатысты жаза бап санкциясы шегінде ескертуден 10 тәулік әкімшілік қамаққа алу түріндегі жазаға өзгертілді.

Кейіннен Рахат Тұрлыханов пен жұбайы Алтынай жағдайға қатысты пікір білдірді.

"Бәріңізге сәлем. Бұл - Рахат Тұрлыханов және жұбайым - Алтынай. Кейінгі жаңалықтарға байланысты пікір білдіруді ұйғардық. Алтынай бәрін өзі айтса, дұрыс шығар", - дейді видеода әнші.

"Рахатпен арамызда бәрі жақсы. Рахат - қамқор, мейірімді күйеу, әке. Иә, барлық отбасында болатыны секілді біздің де арамызда ұрыс, түсініспеушіліктер болды. Бірақ барлық жағдайды білмесе де оны жаман жағынан көрсетіп жатыр. Бәріңіз алаңдап жатсыздар, алаңдайтындай ештеңе жоқ. Бізді бәрі жақсы", - дейді әншінің жұбайы видеода.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью