Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
Бұрынғы әнші Рахат Тұрлыханов отбасылық жанжал үшін жазадан құтылды. Оның жұбайы шағымынан бас тартты. Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаменті хабарлады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұрынғы әнші Рахат Тұрлыханов отбасылық жанжал үшін жазадан құтылды. Оның жұбайы шағымынан бас тартты. Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаменті хабарлады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Полицияның мәліметінше, Тұрлыхановқа қатысты қылмыстық іс қозғалған. Сотқа дейінгі тергеу аясында оқиғаның мән-жайы жан-жақты зерттеліп, қажетті материалдар жиналып, процестік әрекеттер жүргізілді.
"Сонымен қатар арызданушы шағымынан және істі одан әрі қарауға қатысудан бас тартты, соған байланысты қылмыстық іс заңды негізде тоқтатылды", - деп хабарлады ведомство.
Полиция отбасылық-тұрмыстық жанжалдарға қатысты әрбір жағдайда азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қорғауға бағытталған ден қою шаралары қабылданатынын атап өтті.
Еске салсақ, 15 наурызда БАҚ беттерінде қазақстандық әнші Рахат Тұрлыхановтың ұсталғаны туралы ақпарат тараған болатын. Редакция сауалына жауап берген Алматы ПД әншінің жұбайын ұрып-соқты деген күдікпен полицияға жеткізілгенін хабарлады. Ведомство тексеру барысында әйел адамның бастапқыда өзіне күш қолданылғанын айтқанын, бірақ кейін ұрып-соғу дерегін жоққа шығарып, тек отбасылық жанжал дерегі бойынша арызданғанын атап өтті.
Қарау нәтижесі бойынша Рахат Тұрлыхановқа қатысты ӘҚБтК-нің 73-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
16 наурызда сот Рахат Тұрлыхановтың ісін қарады. Нәтижесінде сот іс жүргізуді тоқтатып, жұбайының бастапқы арызын ескере отырып, қылмыстық жауапкершілікке тартатын әрекет белгілерінің бар-жоғын тексеру үшін іс материалдарын прокуратура мен полиция департаментіне жолдау туралы қаулы шығарды.
Тұрлыханов сот шешіміне шағымдануға тырысты, бірақ апелляция оны өзгеріссіз қалдырды.
Айта кетейік, 2024 жылдың қаңтарында Рахат Тұрлыханов жұбайын соққыға жыққаны үшін сот алдында жауап берген. Ол кінәсін мойындап, әйелі татуласқандарын айтқан, алайда құқық бұзушылықтың қайталануын ескере отырып, сот оған 10 тәулікке әкімшілік қамауға алу жазасын тағайындаған. Кейінірек ерлі-зайыптылар бейнеүндеу жариялап, онда әйелі отбасында бәрі жақсы екеніне сендірді.
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу