Рахат Тұрлыханов полицияға жеткізілді

16.03.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

АСТАНА, 16 наурыз – Sputnik. Әнші Рахат Тұрлыханов 15 наурызда полицияға жеткізілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Оған Тұрлыхановтың әйелінің шағымы себеп болған.

"Медеу ауданында болған отбасылық жанжал фактісі бойынша полиция қызметкерлері түскен шақыртуға жедел түрде барып, оқиғаға қатысушыларды мән-жайды анықтау үшін аудандық полиция басқармасына жеткізді", - дейді полицияда.

Тексеру барысында әншінің әйелі бастапқыда өзіне күш қолданғанын айтқан. Алайда кейіннен соққыға жығу фактісін жоққа шығарып, отбасылық жанжал дерегі бойынша арыз түсірген.

Тұрлыхановқа қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Рахат Тұрлыханов әйелін ұрғаны үшін бұған дейін де жауапқа тартылған болатын. Бастапқыда сот оған ескерту беренмен, бұл факті бірнеше рет қайталанып, сот әншіні жұбайын ұрып-соққаны үшін әкімшілік қамаққа алу туралы қаулы шығарды.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью