Рахмоновтың рейтингтегі орны өзгерді: не белгілі?

16.12.2025

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Ultimate Fighting Championship (UFC), әлемдегі ең ірі MMA ұйымы, үздік жауынгерлер рейтингін жаңартты. Қазақстаннан шыққан ең үздік файтер Шавкат Рахмоновтың рейтингтегі орны өзгерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ultimate Fighting Championship (UFC), әлемдегі ең ірі MMA ұйымы, үздік жауынгерлер рейтингін жаңартты. Қазақстаннан шыққан ең үздік файтер Шавкат Рахмоновтың рейтингтегі орны өзгерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

UFC рейтингінің жаңартылған нұсқасында Шавкат Рахмонов (19–0) өз позициясын жақсартып, дивизионда екінші орынға көтерілді. Қазақстандық спортшы ирландиялық Иэн Гэрриді (17–1) басып озып, ол үшінші орынға түсті.

Шавкатты кім басып озды?

Қазір рейтингте Рахмоновтан жоғарыда тек бұрынғы UFC чемпионы, Аустралия атынан өнер көрсететін Джек Делла Маддалена (18–3) ғана тұр. Ал дивизиондағы чемпиондық белбеудің қазіргі иегері - Ислам Махачев (28–1).

Еске салайық, Шавкат Рахмонов октагонға кейінгі рет былтыр желтоқсанында шыққан - дәл сол кезде ол Иэн Гэрриді төрешілердің бір ауыздан қабылдаған шешімімен жеңген еді. Одан кейін қазақстандық мамырда титул үшін таласуы мүмкін болған, алайда жарақатына байланысты жекпе-жектен бас тартты. Қазір ол бабына келіп, 2026 жылы UFC-ке оралуды көздеп отыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью