Рамазан 2026: Қазақстан қалалары бойынша ораза және намаз кестесі жарияланды

11.02.2026

Qazaq24.com, Zakon.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Бұл туралы бүгін елордада Рамазан айына орай өткен Төралқа мәжілісінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хабарлады.

"Біз Түркі мемлекеттері ұйымына қарасты Мүфтилер алқасы жанындағы Пәтуа кеңесінің және ғылыми зерттеулер нәтижесін ескеріп, ортақ шешім қабылдадық. Алла қаласа, биыл Рамазан айы 19 ақпанда басталады. Ал наурыз айының 16-нан 17-не қараған түн – қасиетті Қадір түні. 20 наурыз – ораза айт мерекесі", – деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Сондай-ақ Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы еліміздің қалалары бойынша ораза кестесінің күнтізбесін ұсынды.

Сурет: ҚМДБ

Сурет: ҚМДБ

Сурет: ҚМДБ

Басқа қалаларға арналған кестемен ресми ақпарат көздері арқылы танысуға болады.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью