Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Биыл қасиетті Рамазан айы 19 ақпанда басталады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Оразаның өз әдебі бар. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қасиетті Рамазан айына орай сәресі мен ауызашар кезінде айтылатын дұғаны жариялаған болатын.
Сәресіде айтылатын дұға:
Оқылуы: «Нәуәйту ән асумә саумә шәһри Рамаданә минәл фәжри иләл мағриби халисан лилләһи таъалә».
Мағынасы: «Таңертеңнен кешке дейін Алланың ризалығы үшін Рамазан айының оразасын ұстауға ниет еттім».
Ауызашарда оқылатын дұға:
Оқылуы:«Аллаһуммә ләкә сумту уә бикә әәмәнту уә ‘аләйкә тәуәккәлту уә ‘ала ризқикә әфтарту. Зәхәбә Зома уәбтәллатил-‘уруқ уә сәбәтал-әжру ин шәә Алла».
Мағынасы: «Алла Тағалам! Сенің ризалығың үшін ораза ұстадым. Сенің берген ризығыңмен аузымды аштым. Саған иман етіп, саған тәуекел жасадым. Шөл кетті, тамырлар суланды, Алла қаласа сауабы да қалды».
Ораза кестесін muftyat.kz сілтемесіне өтіп, қажетті өңірді таңдау арқылы жүктей аласыз.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.