Рәміздер мәртебесі талқыланды

16.07.2026

Aikyn.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Алқалы жиында Мемлекеттік туды, Елтаңбаны және олардың бей­нелерін, сондай-ақ Мемлекеттік әнұран мәтінін пайдалану мен ор­наластырудың жаңа қағидалары жан-жақты түсіндірілді. Бас­қосудың маңызы мен салмағын қатысушылар құрамынан-ақ аң­ғаруға болады. Мемлекеттік рәміздердің қолданылу аясын пы­сық­таған бұл жиынға Президент жанындағы тиісті республикалық ко­миссия мүшелері, мемлекеттік органдардың өкілдері, геральдика са­ласының білікті мамандары, мәдениет қайраткерлері, қоғам бел­сенділері, ғалымдар мен еліміздің әр өңірінен арнайы келген сарап­шылар қатысып, ойларын ортаға салды.

Кездесу барысында сөз алған белгілі қоғам қайраткері, ко­мис­сия мүшесі Нұртөре Жүсіп жастардың бойына отаншылдық рухты сіңіруде жүйелі жұмыстың маңызы зор екеніне тоқталды. Ол ұлттық құндылықтарды ұлықтау – ұрпақ тәрбиесінің өзегі болуға тиіс еке­нін қадап айтты. Сондай-ақ халық қалаулысы қазақ гера­ль­ди­касының негізін қалап, оның өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан көр­некті рәмізтанушы, марқұм Ербол Шаймерденұлының еңбегін ерек­ше ілтипатпен атап өтті.

Аталған республикалық комиссия мүшесі, «Қазақ газеттері» се­ріктестігінің бас директоры Дихан Қамзабекұлы таңбалардың мән-мағынасын зерттеп-зерделеу тарих тереңіне бойлататынына тоқ­талса, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын-пуб­ли­цист Ербол Шаймерденұлының жұбайы, педагог Күләш Шай­мер­де­нова рәміздер мемлекеттің басты белгілері екенін тілге тиек етіп, рә­мізтанушының көк Туға арналған бір өлеңін оқыды. Келесі сөз ке­зегін алған Ғалиасқар Сарыбаев, Болат Керімбек сынды қоғам қай­раткерлері мемлекеттік рәміздердің 35 жылдығына арналған іс-шараларға қатысты ой-пікірлерін ортаға салып, ұсыныстарын айтты.

– Қаулыда көрсетілгендей, Мемлекеттік туды жеке және заңды тұл­ғалардың ғимараттарда, оның ішінде балкондарда (45 градус бұрыш­пен) және салтанатты іс-шаралар өткізілетін жерлерде пай­далануына (орнатуына, орналастыруына) болады. Мемлекеттік туды киім ретінде пайдалануға, оны төсектік орын, перде, дастар­қан, кілемше және өзге де жабын ретінде қолдануға тыйым салын­ған. Мемлекеттік тудың бейнесін спорттық киімдерде, спорт­шы­лар­дың киім-кешегінде пайдалануға рұқсат етілген. Сондай-ақ көк байрағымызды қасақана бүлдіруге, жоюға, өртеуге, жыртуға, жерге тас­тауға, сондай-ақ оның мемлекеттік рәміз ретіндегі қадір-қасиеті мен маңызын төмендететін өзге де әрекет жасауға жол берілмейді. Өз­герістер мен толықтырулар рәміздерді пайдалану мәдениетін жаңа сапалық деңгейге көтеруге негіз болады деп есептейміз, – деді Гера­льдикалық зерттеулер орталығы директорының міндетін ат­қарушы Әділхайыр Мырзаханов.

«Дала қырандары» жастар қоғамдық бірлестігінің құрыл­тай­шысы, мемлекеттік рәміздер жөніндегі республикалық ко­мис­сия­ның мүшесі Нұрбол Сейтқалиев аталған қоғамдық бірлестік мем­ле­кеттік рәміздердің заңнамаға сәйкес қолданылуын қамтамасыз ету­ге байланысты нәтижелі жұмыс жүргізіп келе жатқанын жет­кіз­ді. Жиын барысында тәртіп мәселесі де назардан тыс қалмады. Іш­кі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тап­сырмалар жөніндегі аға инспекторы Қайрат Абулғазидовтың мә­лімдеуінше, биыл елімізде мемлекеттік рәміздерге қатысты 40 әкім­шілік құқықбұзушылық тіркелген. 

Іс-шара аясында орталық директорының міндетін атқарушы Ә.Мырзаханов пен «Дала қырандары» жастар қоғамдық бір­лес­тігінің құрылтайшысы Н.Сейтқалиев өзара ынтымақтастық туралы ме­морандумға қол қойды. Меморандумның мақсаты – мемлекеттік рә­міздерді насихаттау, олардың тарихи және идеологиялық маңы­зын түсіндіру, сондай-ақ мемлекеттік рәміздерді пайдалану тәртібі мен оларды заңнама талаптарына сәйкес қолдану мәселелері бойын­ша халықтың құқықтық сауатын арттыру. Кездесу барысында жаңар­тылған қағидалардың негізгі талаптары түсіндіріліп, оларды іс жүзінде қолдану тетіктері кеңінен талқыланды.

Сондай-ақ жиында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рә­міздерінің 35 жылдығын атап өту тұжырымдамасы қаралды. Осы ме­рейтойға арналған іс-шаралар жоспарын 2027 жылы Үкімет дең­гейінде бекіту жоспарланып отыр.

Сымбат БАУЫРЖАНҚЫЗЫ

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью