Рамзан Қадыровтың ұлы кезекті марапатқа ие болды

30.12.2025

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров өз ұлы Адам Қадыровты марапаттады. Республиканың ұлттық саясат, сыртқы байланыстар, баспасөз және ақпарат министрі Ахмед Дудаевтың мәліметінше, Шешенстан Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Адам Қадыровқа «Шешен Республикасының тұңғыш президенті Ахмат-Хаджи Қадыровты еске алу» медалі табысталған, деп хабарлайды Egemen.kz

«Марапат Адам Рамзановичке Отанның қауіпсіздігі, тұрақтылығы мен өркендеуін қамтамасыз етуге қосқан елеулі үлесі үшін берілді. Оның басшылығымен Шешен Республикасында тұрақты даму мен халықтың әл-ауқатын арттыруға жағдай жасалып келеді», деп жазды Ахмед Дудаев.

Адам Қадыровтың саяси қызметі мен марапаттары

Сәуір айының басында Адам Қадыров Ресей ІІМ-нің Шешенстандағы басқармасына куратор болып тағайындалды. Осыдан кейін ол ведомствоның ішкі қауіпсіздік бөлімінің жаңа басшысын бекітіп, бірқатар қызметкерге марапат тапсырды. Кейінірек Рамзан Қадыровтың ұлы Шешен Республикасының Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы қызметіне тағайындалды.

2023 жылдың қараша айында, 15 жасында, Адам Қадыров әкесінің қауіпсіздік қызметінің басшысы болған. Кейін ол Ресей рекордтар кітабына өңір басшысының қауіпсіздік қызметін басқарған ең жас тұлға ретінде енді.

18 жасқа дейін Адам Қадыров Шешенстанның ең жоғары марапаты – Қадыров орденін, Шешенстан Батыры медалін, Қарашай-Шеркешия мен Қабардин-Балқария алдындағы еңбегі үшін ордендерді, Татарстандағы маңыздылығы жағынан екінші саналатын «Дуслык» орденін, «Шешен Республикасының қорғаушысы» медалін және басқа да марапаттарды алған.

Соңғы жаңалықтар

Қызылордада масаң күйде көлік басқарғандар ұсталды

Аймақтар • Бүгін, 18:20

Рамзан Қадыровтың ұлы кезекті марапатқа ие болды

Әлем • Бүгін, 18:15

Аида Балаева медиа саласындағы жылдың негізгі қорытындыларын жариялады

Қоғам • Бүгін, 18:02

Қытай мамандары қол мен аяққа арналған сезімтал протездер жасап шығарды

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 18:00

Мектеп әкімшілігі мұғалімдерден мәжбүрлеп ақша жинағаны рас па?

Қоғам • Бүгін, 17:55

Ұлттық тауарлар каталогі: 2026 жылдан бастап тауар айналымы жаңа цифрлық тәртіпке көшеді

Қоғам • Бүгін, 17:50

Спортшыларымыз Олимпиада ойындарында 10 спорт түрінен бақ сынайды

Спорт • Бүгін, 17:47

Шығармашылық зертхана: Айтман не айтқысы келеді?

Әдебиет • Бүгін, 17:40

Қарағанды облысының жолдарында 160 полицей жұмыс істеп жатыр

Аймақтар • Бүгін, 17:35

Жаңа жылдық көңіл күй сыйлайтын үздік фильмдер

Мереке • Бүгін, 17:30

Қазір қандай кітаптар өтімді? Нон-фикшн әлде көркем проза?

Қоғам • Бүгін, 17:22

Қазақстандағы мыс жобасына ірі инвестиция тартылды

Экономика • Бүгін, 17:10

Жеке деректерді қорғау және архивтерді цифрландыру: Мемлекет басшысы архив ісі туралы заңға қол қойды

Заң • Бүгін, 16:50

«Қазақконцерт» көрерменге мерекелік концертін ұсынды

Мәдениет • Бүгін, 16:45

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

Президент • Бүгін, 16:43

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью