Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Қазақстан Республикасында жаңа Конституцияның қабылдануына байланысты рақымшылық жасау туралы заңды жүзеге асыру жалғасып жатыр. Ішкі істер министрлігі атқарылған жұмыстың алғашқы нәтижелері туралы мәлімдеді, - деп хабарлайды Aikyn.kz
Бүгінгі таңда қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінен 620 адам босатылды. Пробация қызметінің есебінде тұрған тағы 724 азамат жазасын одан әрі өтеуден босатылды. Сондай-ақ, 730-дан астам сотталғанның жаза мерзімі қысқартылды.
ІІМ hақымшылықты қолдану үшін соттарға 10 мыңнан астам ұсыныс жіберілгенін жеткізді. Оның 4,4 мыңға жуығын қылмыстық-атқару жүйесі мекемелері, ал 6,9 мыңнан астамын пробация қызметтері дайындады.
Соттар мыңнан астам материалды қарап, өтініштер бойынша жұмысты жалғастырып жатыр. ІІМ босату туралы шешімнің автоматты түрде қабылданбайтынын атап өтті.