Рақымшылық: түрмеден босатылғандардың саны жарияланды

05.08.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

АСТАНА, 5 тамыз – Sputnik. Ішкі істер министрлігі қылмыстық рақымшылық аясында түрмеден босатылғандардың санын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының бірінші орынбасары Нияз Рыспаевтың айтуынша, бүгінде соттарға рақымшылық жасау туралы 10 мыңға жуық ұсыныс жіберілді. Соның ішінде 4 400 ұсынысты түрмелер жолдаса, 6 900-ден астамын пробациялық қызметтер дайындаған.

"Қазіргі кезде соттар мыңнан астам материалды қарап шықты. Нәтижесінде қылмыстық атқару жүйесі мекемелерден 620 адам босатылды", - деді Рыспаев бүгінгі брифингте.

Түрмеден босатылғандардың бәрі әкімшілік бақылауға алынады. Ал пробациялық қызметтер жіберген өтініштердің негізінде есепте тұрған 724 адам жазадан босатылды. Сонымен қатар, сотталған 730-дан астам адамның жаза мерзімі қысқартылды.

"Қылмыстық рақымшылық автоматты түрде қолданылмайды. Әрбір сотталған бойынша материал жеке қаралады. Ал түпкілікті шешімді тек сот қабылдайды", - деді Рыспаев.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью