Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
Жаңа Конституция жобасы Тәуелсіздіктің 35 жылдық тәжірибесі мен қоғам сұранысынан, сондай-ақ болашақтың мүддесінен туындаған тарихи қажеттілік. Бұл туралы «Қазақ тілі» қоғамының президенті Рауан Кенжеханұлы «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясының алғашқы отырысында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өз сөзінде Рауан Кенжеханұлы бұл өзгерістердің түпкі мәні ел экономикасының дамуына үлес қосатын қабілетті әрі білікті жаңа ұрпақтың қалыптасуына жол ашу екенін атап өтті.
«Бүгінде елдің өркендеуі табиғи байлықпен емес, адами капиталмен өлшенеді. Қабілет пен білім ұштасқанда алынбас қамал жоқ. Білімді, жаңашыл ұлттардың дәуірі келді. Сондықтан зияткерлік ұлт қалыптастыру – жай ғана ұран емес, жаңа кезеңдегі мемлекеттік саясаттың өзегі», деді ол.
Бұл ретте Рауан Кенжеханұлы әр баланың сапалы әрі қолжетімді білім алуына, ғылыммен айналысуына жағдай жасалуы және кәсіпкерлердің инновация енгізу еркіндігі конституциялық деңгейде қорғалатын құндылыққа айналатынын атап өтті. Сонымен қатар қоғам қайраткері Конституция жобасында тіл мәселесіне де айрықша назар аударылғанын жеткізді. Оның айтуынша, «Қазақ тілі» қоғамы мен тіл жанашырларының ұсыныстары ескеріліп, мемлекеттік тілдің мәртебесін айқындайтын маңызды норма енгізілді.
«Біз тарихи тағдыр тоғыстырған барлық тілдерді құрметтейміз. Алайда қазақ тілінің мемлекеттік тұғырдағы айрықша мәртебесі айқын көрсетілуі керек. Бұл бағыттағы ұсыныстарымыз қолдау тапты. Ендігі болашағымыз – қазақ тілінде, сол тілде дамитын ғылым мен білімде», деді Рауан Кенжеханұлы.
Қорытындылай келе, ол жаңа Конституция жобасын елдің ортақ келісімі әрі келер ұрпаққа қалдыратын аманат ретінде бағалады.
Еске сала кетейік, бүгін Астанада Конституциялық реформаны қолдау мақсатында «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» деп аталатын жалпыұлттық коалициясы құрылды. Оның құрамына еліміздегі саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар, депутаттар, зиялы қауым өкілдері, жастар бірлестіктері, кәсіподақ ұйымдары және тағы басқалар кірді.
Соңғы жаңалықтар
Шет ауданынан шыққан спортшы республикалық асық ату турнирінде жеңіске жетті
Спорт • Бүгін, 20:48
Қазақстанда өңдеу өнеркәсібі 6,4%-ға өсті
Өндіріс • Бүгін, 20:29
Жаңа Конституция жобасы бойынша референдумға қанша қаражат жұмсалады?
Қаржы • Бүгін, 20:08
Абай облысында алимент өндіру тетігі күшейді
Қоғам • Бүгін, 19:55
Мемлекет басшысы құқық қорғау қызметін күшейтетін заңға қол қойды
Президент • Бүгін, 19:45
Жаңа Конституцияны қолдайтын Жалпыұлттық Коалиция құрылды
Ата заң • Бүгін, 19:35
Мемлекет басшысы Канада Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 19:29
Үйленгісі келмейтіндер неге көбейді?
Қоғам • Бүгін, 19:10
Жаңа Конституция жобасы бойынша референдумда қанша адам дауыс бере алады?
Ата заң • Бүгін, 18:50
Қоныс тойы тойланды, тоқтаған құрылыс қозғалды
Аймақтар • Бүгін, 18:44
Виталий Колточник: Жаңа Конституция – мемлекеттің басқару жүйесін жаңартатын шешуші қадам
Ата заң • Бүгін, 18:25
Жаңа Конституция: Референдум – тұрақты болашаққа бастайтын стратегиялық таңдау
Референдум • Бүгін, 18:13
Қасым-Жомарт Тоқаев Мұхаммед Әбделсаламды І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады
Президент • Бүгін, 18:06
Келер жылы Астанада УЕФА-ның 51-ші Конгресі өтеді
Спорт • Бүгін, 18:00
Олимпиада-2026: Александра Скороходова нешінші орынға табан тіреді?
Қысқы спорт • Бүгін, 17:56