Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Учаскелік комиссиясының мәліметінше, консулдық есепте тұрған 755 қазақстандық Ташкентте дауыс бермек. Атап айтқанда, бұл жерде жоғары оқу орындарында оқитын студенттер, Өзбекстанда уақытша жұмыс істейтін және тұратын отандастарымыз, қазақстандық туристер мен іссапарда жүрген азаматтар таңдау жасамақ.
Фото: Әлихан Асқар/KazinformАйта кетейік, Ташкенттегі №431 референдум учаскесі Қазақстан Республикасының елшілгі ғимаратында (Абай көшесі, 1) орналасқан. Онда дауыс беру жергілікті уақыт бойынша сағат 7:00-де басталып, 20:00-де аяқталады.
Еске салайық, бүгін сағат 00.00-де үгіт кезеңі аяқталады. Осы сәттен бастап «тыныштық күні» басталады.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, 15 наурызда «Референдум — 2026» онлайн марафоны өтеді.