Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Қазақстандықтар Еуропа елдерінде, оның ішінде Болгария, Грекия, Латвия, Литва, Румыния, Финляндия, Эстония, Аустрия, Бельгия, Германия, Испания, Италия, Мажарстан, Нидерланд, Норвегия, Польша, Словакия, Франция, Хорватия, Чехия, Молдова, Швейцария, Швеция, Ұлыбритания және Португалияда референдум учаскелерінде дауыс беруді жалғастырып жатыр.
Фото: СІМ Фото: СІМ Фото: СІМСонымен қатар Кипр Республикасы аумағында жүрген Қазақстан Республикасының азаматтарының референдумға қатысуын ұйымдастыру мақсатында Қазақстанның елшілігі жанынан Қазақстан Республикасы референдумының №511 учаскесі тарихта алғаш рет ашылды.
Фото: СІМ Фото: СІМ Фото: СІМПарижде орналасқан №410 референдум учаскесі жергілікті уақытпен таңғы сағат 7:00-де өз жұмысын бастады. Франция аумағындағы жалғыз учаскесі Қазақстан республикасының Консулдығында, Елисей алаңының қасында орналасқан.
Фото: СІМ Фото: СІМ Фото: СІМ Фото: СІМРеферендумда алғашқы болып дауыс беруге осында білім алып жүрген магистранттар келді. Жалпы 200-ден астам адам тіркелген. Дауыс беру жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-ге дейін, яғни Астана уақытымен түнгі 00:00-ге дейін жалғасады.
Фото: СІММәскеудегі учаскеде белсенділігі жоғары.
Фото: СІМ Фото: СІМ Фото: СІМ Фото: СІМАйта кетелік әлемнің 40-тан астам елінде референдум учаскелері жұмыс істеп жатыр.