Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Елімізде өтіп жатқан Конституциялық реформаға қатысты референдум халықаралық ақпарат құралдарының да назарын аударды. Әлемдік басылымдар дауыс беру барысын, ұсынылған өзгерістердің мазмұнын және қоғамдағы пікірталасты талдап, түрлі қырынан сараптама жасап жатыр. Солардың бірі – британдық BBC медиасы, деп жазады Egemen.kz.
Фото: bbc.co.uk
BBC тілшісінің материалында референдумның мақсаты мен маңызына тоқталған. 77 бапқа өзгеріс енгізілгенін, бұл шамамен құжаттың 80 пайызына ықпал ететінін тілге тиек еткен.
Қазақстанның басқару жүйесі «суперпрезиденттік» үлгісінен ықпалды парламенті бар президенттік республикаға өтуді көздейтінін және хабарлаған.
BBC назар аударған басты мәселелердің бірі – парламент құрылымының өзгеруі. Жобаға сәйкес, қазіргі екі палаталы парламенттің орнына бір палаталы заң шығарушы орган құрылып, оның атауы Құрылтай деп өзгеретіні. Сонымен бірге депутаттардың бірқатар өкілеттіктері қайта қаралатыны айтылған.
Жапонияда жүрген Қазақстан азаматы референдумда өз таңдауын жасады
Халықаралық басылым жаңа Конституция жобасында қоғамдағы дәстүрлі құндылықтарға қатысты нормалар айқындалғанын жазады. Атап айтқанда, некеге «ер мен әйелдің ерікті одағы» деген анықтама беріледі. Ойын қуаттау үшін Премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның сөзін ұсынады. Бұл оның ақпан айының басында конституциялық реформа жөніндегі комиссия отырысында оқыған баяндамасы еді:
«Бұл норма қоғамдағы отбасы институтының маңызын айқындай түседі. Мұндай қағиданы орынды деп санаймын. Ол отбасының тұрақтылығын нығайтуға, дәстүрлі құндылықтарды құқықтық деңгейде қорғауға, сондай-ақ әйелдердің құқықтары мен заңды мүдделерін күшейтуге ықпал етеді», дейді А. Балаева.
BBC өзінің «демократиялық» ұстанымына сәйкес бұл заң оғаш ой, қораш көңілмен қарағаны аңғарылады. Аталған түзетудің ЛГБТ насихатына тыйым салу туралы заң жобасы қабылданған тұста ұсынылғанын еске түсіреді. Әрі қарай Қазақстанның ЛГБТ өкілдерінің қалауын «белден басқан» әрекетін айтып өтеді:
«Құқық қорғаушылар мен халықаралық ұйымдардың бұл құжатты қабылдамауға шақырған бірнеше өтінішіне қарамастан, заң жобасын Парламенттің жоғарғы палатасы Сенат мақұлдап, 2025 жылдың желтоқсанында Президент қол қойған», дейді BBC тілшісі.
Наурызнама онкүндігі аясында «Референдум – 2026» атты онлайн марафон өтеді
Сондай-ақ басылым шетелден қаржыланатын ұйымдарға қатысты нормалар жөніндегі пікірлерді келтіреді. Кейбір сарапшылар бұл талаптардың қажет екеніне күмән келтіреді. Ал билік өкілдері қоғамдық ұйымдардың ашықтығын күшейту маңызды екенін айтады.
BBC дерегінше, референдум өтті деп танылуы үшін сайлау құқығы бар азаматтардың жартысынан астамы дауыс беруге қатысуы қажет. 2026 жылдың басындағы мәлімет бойынша Қазақстанда 12,4 миллионнан астам сайлаушы тіркелген. Демек кемінде 6,2 миллион азамат дауыс беруі керек.
Халықаралық сарапшылар Қазақстандағы конституциялық өзгерістерді елдің саяси жүйесіне ықпал ететін маңызды кезең деп бағалап отыр.
Соңғы жаңалықтар
Шымкентте ұландықтар референдумда алғашқылардың бірі болып дауыс беруді аяқтады
Референдум • Бүгін, 10:33
Бекбаева: Учаскелерде ерекше қажеттілігі бар жандарға жағдай жасалды
Референдум • Бүгін, 10:33
Референдум күні Атырауда екі бірдей үшем дүниеге келді
Референдум • Бүгін, 10:20
Үш сағаттың ішінде 2 миллионнан астам адам дауыс берді
Референдум • Бүгін, 10:20
Алматыда тәуелсіз байқаушылар заңбұзушылықтар тіркелмегенін мәлімдеді
Референдум • Бүгін, 10:15
Маңғыстауда бір әулеттің келіндері референдумға қатысты
Референдум • Бүгін, 10:10
Маңғыстау облысында 261 референдум учаскесі ашылды
Референдум • Бүгін, 10:07
ІІМ: Референдум кезінде елдегі жағдай полицияның толық бақылауына алынған
Референдум • Бүгін, 10:06
101 жастағы Алматы тұрғыны референдумда дауыс берді
Референдум • Бүгін, 10:00
Референдум мен жәрмеңке бір жерде: Атырауда дауыс беру ерекше форматта өтіп жатыр
Референдум • Бүгін, 09:57
Қарағандыда үлгілі жұп референдумда таңдау жасады
Референдум • Бүгін, 09:55
Шиеліде даңқты диқанның 9 келіні дауыс берді
Референдум • Бүгін, 09:51
Бүгін еліміздің ірі қалаларында қоғамдық көлікпен қатынау тегін болады
Референдум • Бүгін, 09:47
Референдум: Ұлытау облысында 127 учаске жұмысын бастады
Референдум • Бүгін, 09:46
Шетелдегі ел азаматтары референдумға қатысып жатыр
Референдум • Бүгін, 09:38