Референдум азаматтық ұстанымыңды білдіретін сәт

15.03.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы халық екенін ескерсек, бүгін әр таңдау мен әр дауыстың салмағы зор. Республикалық референдумға қатысып жатқан білім саласының мамандары осылай дейді. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің басқарма төрағасы-ректоры Саламат Ыдырысов бұл күн ел тарихында айрықша маңызды күн болып қалатынын айтты, деп жазады Egemen.kz.

«Жаңа Конституция жобасы ұсынылған сәттен бастап оны талқылау мен түсіндіру жұмыстары кең көлемде жүргізіліп, қоғамда жан-жақты пікір алмасу болды. Мұның барлығы ел болашағы үшін жасалған нақты әрі жауапты қадамның бірі. Референдумға келген әрбір қазақстандық осы тарихи сәттің маңызын терең түсініп, жүрек қалауымен, азаматтық жауапкершілігін сезіне отырып өз таңдауын жасайды. Сырт көзге байқала бермегенімен, еліміздің әр өңіріндегі сайлау учаскелерінде мемлекет тағдырына қатысты маңызды саяси шешім қабылданып жатыр», деді Саламат Ыдырысов.

Ал «Азаматтық авиация академиясы» АҚ басқарма төрағасы-ректоры Қайрат Жақыпов өз сөзінде Конституция – мемлекеттіліктің берік негізі әрі ел дамуының басты қағидаттарын айқындап, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз ететінін айтты.

Алматыда референдум барысын 1300-ден астам тәуелсіз бақылаушы қадағалап отыр

«Референдум – әр азаматқа өз ұстанымын білдіруге және елдің одан әрі даму бағытын айқындау ісіне қатысуға мүмкіндік беретін маңызды демократиялық құрал. Қазақстан азаматы ретінде осындай ел тағдыры үшін жауапты шараларға бейжай қарамай, белсенді қатысуды маңызды деп санаймын. Бүгін мен де азаматтық міндетімді орындадым. Әрқайсымыздың белсенді азаматтық ұстанымымыз қоғамның нығаюына және еліміздің болашағының берік болуына ықпал етеді», деді ол.

Президент: Ата заң жас буынның темірқазығы болуға тиіс

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті басқарма төрағасы-ректоры Марат Сырлыбаев та осы университет қабырғасында орналасқан №9 сайлау учаскесінде жеті мыңға жуық студент маңызды саяси науқанға қатысып жатқанын жазды.

«Бүгін алғашқылардың бірі болып дауыс бердім. Білім саласының маманы ретінде менің дауысым Ата заңда басымдық алған стратегиялық бағытқа, яғни білім, ғылым, инновация саласына, жас ұрпақтың сапалы білім алуына, еліміздің өркендеуіне және болашағына үлес қосуы үшін берілді. Менің дауысым – ол халықтың үні, болашаққа деген сенім мен үміт, заман ағымына өзім және отбасыммен қосқан үлесім. Менің осы ой-пікірімді жақындарым, бауырларым, әріптестерім және шәкірттерім қолдайды деген ойдамын. Шын мәнінде, Ата заңдағы өзгерістерге ат салысуымыз – мемлекет дамуындағы оңтайлы бетбұрыстардың тарихи әрі тың парағы», деді ол.

Тоқаев: Кез келген елде, соның ішінде Қазақстанда қос билік болмауға тиіс

Қарағанды индустриалды университетінің басқарма төрағасы-ректоры Бақыт Жәутіков те Теміртау қаласындағы сайлау учаскелерінің бірінде дауыс беріп, азаматтардың мемлекеттік маңызы бар шешімдерді қабылдауға қатысуының маңыздылығын атап өтті.

«Дауыс беруге қатысу – азаматтық жауапкершіліктің көрінісі және әрбір адамның мемлекеттің болашағына қосқан үлесі», деп атап өтті ол.

Соңғы жаңалықтар

Атыраулық әжелер референдум учаскесіне ақ кимешекпен келді

Аймақтар • Бүгін, 14:37

Ұлытау облысында өндіріс саласының қызметкерлері дауыс берді

Референдум • Бүгін, 14:35

Референдум күні Алматы облысында 24 сәби дүниеге келді

Аймақтар • Бүгін, 14:30

Әзербайжанның ОСК төрағасы Қазақстандағы 50 сайлау учаскесін аралады

Референдум • Бүгін, 14:22

Референдумда дауыс бергендер саны 51,93 пайызға жетті

Референдум • Бүгін, 14:20

Референдум: Бақылаушылар заң бұзушылық болмағанын растады

Референдум • Бүгін, 14:14

ШҚО азаматтарына дауыс беру үшін қандай жағдайлар жасалған?

Референдум • Бүгін, 14:10

Әзербайжандық бақылаушы референдумға оң баға берді

Референдум • Бүгін, 14:06

Алматыда референдум барысын 1300-ден астам тәуелсіз бақылаушы қадағалап отыр

Референдум • Бүгін, 14:00

Тоқаев: Әлем халқы бітпейтін конференциялардан жалықты

Президент • Бүгін, 13:49

Президент: Ата заң жас буынның темірқазығы болуға тиіс

Президент • Бүгін, 13:40

Қазақстанда президент сайлауы қашан өтеді?

Президент • Бүгін, 13:29

Тоқаев: Кез келген елде, соның ішінде Қазақстанда қос билік болмауға тиіс

Президент • Бүгін, 13:25

Қостанайда 100 жастағы қарт майдангер дауыс берді 

Референдум • Бүгін, 13:20

Бас прокуратура: Референдум барысында заң бұзушылықтар тіркелмеді

Референдум • Бүгін, 13:15

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью