Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
АСТАНА, 15 наурыз – Sputnik. Еліміздегі референдум учаскелерінің ешқайсысында қоғамдық тәртіпті өрескел бұзу фактілеріне жол берілмеді. Бұл туралы "Референдум – 2026" онлайн-марафоны аясында ОКҚ алаңында өткен брифинг барысында ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев хабарлады.
"Еліміздегі 10 мыңнан астам референдум учаскесінің ешқайсысында қоғамдық тәртіпті өрескел бұзу фактілеріне жол берілмеді. Қазіргі уақытта учаскелерде дауыстарды санау жұмыстары жүріп жатыр", - деді спикер.
Оның айтуынша жағдай тұрақты және полицияның толық бақылауында.
"Дауыстарды санау аяқталғаннан кейін полиция қызметкерлері бюллетеньдер мен хаттамаларды өңірлік комиссияларға қауіпсіз жеткізілуін қадағалайды", - деп түйіндеді ол.
Еске сала кетейік, дауыс беруге құқылы қазақстандықтардың 73,24%-ы жаңа Конституция бойынша референдумда таңдау жасады.