Sputnik.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
АСТАНА, 17 наурыз – Sputnik. Орталық референдум комиссиясы жарамды бюллетеньдер не себепті есепке алынбағанын түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
15 наурызда өткен республикалық референдум кезінде 127 868 бюллетень жарамсыз деп танылған. Бірақ есепке алынбады.
Комиссия хатшысы Шавхат Өтемісов ондай бюллетеньдерді есепке алмау себебін түсіндірді.
"Заңда осы мәселеге қатысты нақты тармақ бар. Оған сәйкес, референдумға қойылған мәселеге жауаптардың барлық нұсқасы белгіленген бюллетеньдер жарамды деп танылады, бірақ дауысты санау кезінде есепке алынбайды. Демек, адамдар "Иә" мен "Жоқты" да белгілеп қойған. Ондай бюллетеньдер есепке алынбайды. Бірақ жарамды болып саналады", - деді Өтемісов бүгінгі брифингте.
Бұдан бөлек, референдум кезінде 146 558 бюллетень жарамсыз деп танылды. Оған бірнеше себеп бар. Олар:
учаскелік комиссия мүшесі қойған қолдың болмауы;
бірде-бір сұраққа қатысты жауаптың белгіленбеуі;
белгінің қарындашпен қойылуы немесе өшіру белгілерінің болуы.