Референдум күні әр екі сағат сайын дауыс беру барысы туралы ақпарат жарияланады

13.03.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Барлық деңгейдегі референдум комиссиялары республикалық референдумды өткізуге дайындық жұмыстарын аяқтады. Бұл туралы Орталық референдум комиссиясының отырысында хабарланды, деп жазады Egemen.kz.

Фото: gov.kz

«Барлық деңгейдегі референдум комиссиялары дайындық жұмыстарын аяқтады. Қажетті ұйымдастырушылық іс-шаралар жүргізілді, комиссиялардың қызметіне әдістемелік қолдау қамтамасыз етілді, дауыс беру рәсімдерін қолдану мен референдум туралы заң талаптарын сақтауда бірыңғай тәсіл қалыптастырылды. Бұл біздің республикалық референдумды өткізуге және оны заң талаптарына қатаң сәйкес ұйымдастыруға толық дайын екенімізді айтуға мүмкіндік береді», деді Нұрлан Әбдіров.

Дайындықтың негізгі бағыттарының бірі комиссия мүшелерін оқыту болды. Күнтізбелік жоспарға сәйкес, 13 наурызда оқытудың қорытынды кезеңі аяқталды. Жедел ақпаратқа сәйкес дайындық барысында 5 800-ден астам оқыту семинары өткізіліп, оған әртүрлі деңгейдегі комиссиялардың 71 мыңнан астам мүшесі қатысты. Дайындық деңгейін қосымшабағалау мақсатында қашықтан онлайн-тестілеу ұйымдастырылды. 

Наурызнама онкүндігі аясында «Референдум – 2026» атты онлайн марафон өтеді

ОРК Төрағасының айтуынша, іске асырылған каскадтық оқыту жүйесі ел бойынша комиссия мүшелерін даярлаудың бірыңғай стандарттарын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Референдумға дайындық аясында заңнамада көзделген байқау жүргізуге қажетті жағдайлар қамтамасыз етілді. Референдум учаскелерінде болуға құқығы бар өкілдері қатыса алатын қоғамдық бірлестіктер мен коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеу жүргізілді. Бүгінгі таңда 256 ұйым аккредиттелді, оның ішінде 11-ін Орталық референдум комиссиясы, ал 245-ін аумақтық комиссиялар аккредиттеді.

Референдум қарсаңында тәуелсіз бақылаушылардың ақпараттық штабы жұмыс істейді

Отырыс соңында дауыс беру күні Орталық референдум комиссиясы дәстүрлі түрде тікелей эфирде бұқаралық ақпарат құралдарына ел бойынша дауыс беру барысы туралы әр екі сағат сайын ақпарат беріп отыратыны атап өтілді. Ақпарат берілетін нақты уақыт алдын ала жарияланады.

Соңғы жаңалықтар

Көкарал бөгеті жаңғыртылады: Солтүстік Аралды сақтаудың жаңа кезеңі басталмақ

Инфрақұрылым • Бүгін, 11:22

Трамп Иран құрамасының Әлем чемпионатына қатысуын орынсыз деп бағалады

Әлем • Бүгін, 11:10

Ел экономикасына салынған инвестиция көлемі 22,7 трлн теңгеге жетті

Экономика • Бүгін, 10:50

Ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу үлесі жыл соңына дейін 70%-ға жетеді

Шаруашылық • Бүгін, 10:34

Астанада автобус апаты неге жиіледі?

Қоғам • Бүгін, 10:26

Субсидияны заңсыз рәсімдеген: Түркістан облысында кооператив басшысы 4 жылға сотталды

Заң • Бүгін, 10:23

Шикізатты ел ішінде өңдеу көлемі артып келеді

Өндіріс • Бүгін, 10:16

Наурызнама онкүндігі аясында «Референдум – 2026» атты онлайн марафон өтеді

Референдум • Бүгін, 10:13

Қазақстанда медициналық көмектің сапасын басқарудың кешенді жоспары бекітілді

Үкімет • Бүгін, 09:58

«ҚазАвтоЖол» жүргізушілерге шұғыл ескерту жасады

Ауа райы • Бүгін, 09:57

«Наурызнама»: Елордада Көрісу күні қалай атап өтіледі?

Елорда • Бүгін, 09:36

Астанада демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Ауа райы • Бүгін, 09:27

Бүгінгі доллар бағамы қандай?

Қаржы • Бүгін, 09:15

Ақылға бірлік

Пікір • Бүгін, 09:00

Шетел сарапшылары: Қазақстандағы реформа несімен құнды?

Ата заң • Бүгін, 08:55

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью