Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Комиссиямүшесінің айтуынша, келіп түскен өтініштер республикалық референдум туралы заңнаманы түсіндіру, референдумның мәні, оны ұйымдастыру мәселелері, оның ішінде учаскелік комиссиялардың жұмысы мен шетелдегі дауыс беру, сондай-ақ референдумға қатысы жоқ өзге де мәселелерге қатысты болған.
— Аумақтық референдум комиссияларының мәліметінше, дауыс беру күні 35 өтініш түсті. Астанада — 11, Алматыда — 6, Маңғыстау облысында — 4 өтініш. Шымкентте, Абай облысында, Қызылорда облысында — әрқайсысында 3 өтініштен. Алматы, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Павлодар облыстарында — әрқайсысында 1 өтініштен тіркелді. 33 өтінішке қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауап берілді, — деді ол брифинг барысында.
Дауыс беру қорытындысы бойынша аумақтық референдум комиссияларына сот органдарына 2 талап арыз берілді. Біріншісі Ақтөбе облысындағы Брайль қарпінің оқылмауы мәселесіне қатысты болса, екіншісі Астанадағы учаскелік комиссияның бақылаушыны шығару туралы шешіміне қарсылық білдіруге байланысты.
— Аталған талап арыздарды қарау нәтижесінде талапкерлердің уәждері расталмады. Осыған байланысты соттар оларды қанағаттандырудан бас тартты. Осылайша, барлық келіп түскен өтініш заңнамада белгіленген тәртіппен қаралды. Кейбір өтініштер түсіндірмелік немесе ұйымдастырушылық сипатта болды. Берілген талап арыздар сотта өз дәлелін таппады. Жалпы алғанда, аталған өтініштер мен жекелеген ескертулер дауыс беру барысына және республикалық референдум нәтижелерін анықтауға айтарлықтай әсер еткен жоқ, — деп қорытындылады Әсел Жанәбілова.