Референдум: Таяу Шығыс елдеріндегі учаскелер уақытша жұмыс істемейді

06.03.2026

Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Таяу Шығыс елдерінде құрылған референдум учаскелері уақытша жұмыс істемейді. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне хабарлады, деп жазады Egemen.kz

фото: ortalyq.kz

«Таяу Шығыста қалыптасқан жағдайға байланысты, Біріккен Араб Әмірліктерінде, Израиль Мемлекетінде, Иордания Хашимит Корольдігінде, Иран Ислам Республикасында, Қатар Мемлекетінде, Кувейт Мемлекетінде, Ливан Республикасында және Оман Сұлтанатындағы Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері жанынан құрылған референдум учаскелері уақытша жұмыс істемейді», делінген хабарламада. 

Сонымен қатар қауіпсіздік себептерге байланысты, Украина мен Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасындағы Елшіліктерінің жанынан құрылған референдум учаскелері де уақытша жұмыс істемейтін болады.

Айта кетейік, Республикалық референдумға шетелде жүрген Қазақстан азаматтары қатыса алады. 

Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 11 ақпандағы № 1170 Жарлығына сәйкес, 2026 жылғы 15 наурызда Қазақстанда жаңа Конституцияның жобасы бойынша республикалық референдум өтеді.

Қазақстанның шет елдердегі мекемелерінің жанынан 54 шет мемлекетте 71 референдум учаскесі құрылды. Дауыс беруге қатысу үшін белсенді сайлау құқығы бар, тиісті шет мемлекетте тұратын немесе жеке, қызметтік, оқу, іскерлік пен туристік мақсатпен жүрген және ҚР азаматының жарамды паспорты бар Қазақстан Республикасының азаматтары референдум учаскесі құрылған Қазақстанның дипломатиялық немесе консулдық өкілдігіне жүгіне алады.

Конституция күні 15 наурызда аталып өтуі мүмкін

Қазақстанның шет елдердегі мекемелерінде дауыс беру «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңы 38-ші бабының 1-ші тармағына сәйкес референдум өткізілетін күні (2026 жылғы 15 наурыз, жексенбі) жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін өткізілетін болады.

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан мен Түркия министрлері Таяу Шығыстағы ахуалды талқылады

Саясат • Бүгін, 21:20

Air Astana 7,8 және 9 наурызда Сауд Арабиясынан отандастарымызды эвакуациялауды жалғастырады

Оқиға • Бүгін, 20:28

Мемлекет басшысы мерекелік концертке барды

Президент • Бүгін, 19:30

Елімізде қазір қай жолдар жабық тұр?

Оқиға • Бүгін, 18:32

Қазақстандықтар жаңа Конституция жобасымен алдын ала таныса алады

Ата заң • Бүгін, 18:15

Президент әйелдер қауымын мемлекеттік наградамен марапаттады

Президент • Бүгін, 16:52

Ғалым әйелдер академик Нәйлә Базанова атындағы құрмет белгісімен марапатталды

Ғылым • Бүгін, 14:18

Мемлекет басшысы Халықаралық Қызыл крест комитетінің президентімен кездесті

Президент • Бүгін, 14:03

Ұлттық банк 10 мың теңгелік ескі банкноттарды пайдалану мерзімін ұзартты

Қаржы • Бүгін, 13:55

Қазақстанда қанша әйел тұрады?

Халық • Бүгін, 13:36

Екі өңірде көлік қозғалысына шектеу қойылды

Аймақтар • Бүгін, 13:19

Конституция – мемлекет пен адам арасындағы қоғамдық келісімшарт

Ата заң • Бүгін, 13:07

LRT жүйесінің кезекші қызметіне жұмысқа қабылдау басталды

Елорда • Бүгін, 12:57

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18% деңгейінде сақтап қалды

Қаржы • Бүгін, 12:33

Ең қымбат футболшы: «Болонья» клубы Омар Мұрадовты рекордтық сомаға сатып алды

Спорт • Бүгін, 12:14

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью