Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
БҚО аумақтық референдум комиссиясынан мәлім еткеніндей, соның 136-сы Орал қаласында орналасқан. 353 учаске аудандарда азаматтарды қабылдап жатыр.
БҚО бойынша барлығы 446 391 азаматтың дауыс беру құқығы бар. Оның басым бөлігі немесе 237 532 адам облыс орталығында тіркелген. Өңірде 4 089 жас алғаш рет дауыс береді.
Фото: Ғайсағали Сейтақ/KazinformДауыс беру үрдісін аккредиттелген қоғамдық бірлестіктер мен коммерциялық емес ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері бақылайды.
Орал қаласында Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде орналасқан № 268 учаскеде дауыс беру қалыпты жүріп жатыр.
Фото: № 268 референдум комиссиясы- Мен бүгін референдумда толқынысты сәтті сезініп жатырмын. Жуырда ғана 18 жасқа толған едім. Бұл – мен үшін қуанышты сәт. Өз таңдауымды жасадым. Болашақ жастардың қолында, - деді осы педагогикалық колледждің студенті Ақбөкен Ермекқали.
Зачаган кентіндегі Х.Доспанова атындағы № 30 мектептегі учаскелік комиссия хатшысы Гүлмаржан Қыдырғалиеваның айтуынша, мұнда барлығы дауыс беру құқығы бар 2 465 азамат тіркелген. Соның 35-і үйден дауыс береді.
Фото: Ғайсағали Сейтақ/KazinformБұл учаскеде 84 жастағы ақсақал Абдош Қуаншалиев алғашқы болып дауыс берді. Бірінші болып дауыс бергендерге естелік сыйлықтар табыс етілді.
- Бәрі жақсы ұйымдастырылған. Мерекедегідей көңіл күй сезіледі. Комиссия мүшелері ілтипатпен қарсы алып, құрмет көрсетіп жатыр. Ризамын. Осы жасыма дейін барлық саяси науқаннан тыс қалмай, өз көзқарасымды білдіріп келе жатырмын. Бұл – әр азаматтың борышы деп ойлаймын, - деді А.Қуаншалиев.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда референдум күні 489 учаске жұмыс істейтінін жазған болатынбыз.