Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Референдум күні миссия өкілдері елдің 9 өңіріндегі 750-ден астам референдум учаскесіне барған, сондай-ақ шетелдегі учаскелерде де бақылау жүргізген.
Миссия мүшелерінің мәліметінше, учаскелер уақытында ашылып, дауыс беру мемлекеттік әнұранмен басталған. Дауыс беру ұйымдасқан түрде және тыныш жағдайда өткен.
— Дауыстарды санау рәсімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізілді. Байқаушылар тіркеген кейбір кемшіліктер техникалық сипатта болды және учаскелік комиссиялар тарапынан жедел түрде жойылды. Референдум нәтижелеріне әсер етуі мүмкін заң бұзу анықталған жоқ. ТМД миссиясы «15 наурыздағы референдум Қазақстан Республикасының заңнамасына толық сәйкес және жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өтті» деген қорытындыға келді. Мемлекеттік билік органдары мен референдум комиссиялары азаматтардың еркін түрде өз таңдауын білдіруіне мүмкіндік жасады, — деді Игорь Петришенко.
Айта кетейік, Орталық референдум комиссиясы республикалық референдумдағы дауыс берудің алдын ала нәтижелерін жариялады.
Референдумға қойылған мәселенің оң шешімін жақтап дауыс берген азаматтардың саны 7 миллион 954 мың 667 адам немесе 87,15%.