Референдумды бақылау: Ел дауысы қоры алдын ала қорытындыларын жариялады

16.03.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

«Ел дауысы» қоғамдық қоры жаңа Конституция жобасына қатысты өткен референдумды бақылау нәтижелерін жариялаған баспасөз конференциясын өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кездесу аясында қор басшылығы дауыс беру күні байқаушылар желісінің жұмысы туралы айтып, бақылаудың алдын ала нәтижелерін ұсынды, сондай-ақ сайлау учаскелеріндегі дауыс беру процесін ұйымдастыруға қатысты негізгі қорытындыларын айтты.

− «Ел дауысы» қоры 2020 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Осы кезеңде біз 6 мыңнан астам байқаушыны оқытып, даярладық. Бүгінге дейін өткен барлық электоралдық процестерге, соның ішінде парламенттік және президенттік сайлауларға қатыстық. Референдумды бақылау тәжірибеміз де бар. Биыл референдум өтетіні жарияланған сәттен бастап біз бірден үн қатып, аккредиттеу мерзімі жыл соңында аяқталғандықтан, оны жаңартып, тәуелсіз бақылауды ұйымдастыруға кірістік. Сонымен қатар, биыл 2020 жылдан бері бізбен тұрақты жұмыс істеп келе жатқан байқаушылар пулының қалыптасуының арқасында бақылау географиясын кеңейте алдық. Олардың тәжірибесінің арқасында бізге жаңа қатысушылар қосылды. Бұдан бөлек, жаңа байқаушылар әлеуметтік желілер арқылы маған тікелей хабарласты, − деді қор жетекшісі Аида Жексен.

Оның айтуынша, биыл қордың қоғамдық бақылау жобасы Қазақстанның 32 қаласын қамтыды. Олардың қатарында ірі өңірлік орталықтармен қатар шағын қалалар да бар. Қор байқаушылары Астана, Алматы, Шымкент, Қарағанды, Павлодар, Өскемен, Қостанай, Ақтау, Атырау, Тараз, Түркістан, Петропавл, Қызылорда қалаларында, сондай-ақ Екібастұз, Жезқазған, Сәтбаев, Кентау, Талғар, Қонаев, Степногорск, Риддер және өзге де бірқатар елді мекенде жұмыс істеді.

ТМД бақылаушылары: Референдумда дауыс беру процесі ашық әрі әділ өтті

Аида Жексен дауыс беру күні бойы қор байқаушылары учаскелердің ашылуын, дауыс беру процесінің ұйымдастырылуын, учаскелердегі рәсімдердің сақталуын, комиссиялардың жұмысын, сондай-ақ дауыстарды санау мен қорытынды құжаттарды рәсімдеу процесін тіркеп отырғанын атап өтті.

Учаскелерден түскен ақпарат өңірлік үйлестірушілер арқылы жеткізіліп, қордың орталық штабында жинақталды. Алдын ала бақылау нәтижелері бойынша, учаскелердің басым бөлігінде дауыс беру ұйымдасқан әрі тыныш жағдайда өтті. Бақылау барысында рәсімдік сипаттағы жекелеген ескертулер мен сигналдар тіркелді, алайда олардың нәтижеге елеулі әсері жоқ.

ТүркПА байқаушылары: Референдумда заң бұзушылықтар анықталған жоқ

Қор жетекшісі Аида Жексен азаматтардың қоғамдық бақылауға белсенді қатысу деңгейі жоғары болғанын атап өтті.

«Қазақстанда азаматтық бақылауға деген қызығушылықтың артып келе жатқанын көріп отырмыз, мұны келушілер белсенділігінен де байқауға болады. Дауыс беру күні біздің байқаушылар еліміздің әртүрлі қалаларында жұмыс істеп, учаскелердегі жағдайды тіркеп, ақпаратты қор штабына жіберіп отырды. Біз үшін адамдардың қоғамдық процестерге қатысуға және рәсімдердің ашықтығы үшін жауапкершілік алуға дайын болуы маңызды», деді ол.

Қор жетекшісі қоғамдық бақылаудың негізгі миссиясы рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз ету және заңнаманың сақталуын қадағалау екенін атап өтті.

ШЫҰ байқаушылары: Референдум демократиялық дамуға серпін берді

Соңғы жаңалықтар

Референдумды бақылау: «Ел дауысы» қоры алдын ала қорытындыларын жариялады

Референдум • Бүгін, 13:35

Қадір түнін қалай өткізген дұрыс?

Руханият • Бүгін, 13:25

Мәдениет және ұлттық дәстүр күнінде елордада қандай іс-шаралар өтеді?

Мереке • Бүгін, 13:14

«Халық үні»: Учаскелердегі дауыс беру барысы Орталық комиссияның деректеріне сай келеді

Референдум • Бүгін, 13:06

ТМД бақылаушылары: Референдумда дауыс беру процесі ашық әрі әділ өтті

Референдум • Бүгін, 13:00

Әлемдік нарықта Brent маркалы мұнайдың бағасы барреліне 103 доллардан асты

Әлем • Бүгін, 12:54

Польшадағы Еуропа кубогі: Қазақстан құрамасы жалпы есепте 5-орынға тұрақтады

Спорт • Бүгін, 12:46

Түркі мемлекеттері ұйымының бақылаушылары: Референдум ашық және заңға сәйкес өтті

Референдум • Бүгін, 12:32

ТүркПА байқаушылары: Референдумда заң бұзушылықтар анықталған жоқ

Референдум • Бүгін, 12:27

Олжас Бектенов: Ел тағдырына қатысты тарихи оқиғаның куәгері болдық

Референдум • Бүгін, 12:25

Имран Садихов: Бас хатшылық референдумның бейбіт әрі тәртіппен өткенін жоғары бағалайды

Референдум • Бүгін, 12:18

Ормұз бұғазының бұғатталуы әлемде қандай тәуекелдер тудырады?

Әлем • Бүгін, 12:12

Референдум күні елімізде 585 бала дүниеге келді

Референдум • Бүгін, 12:11

ШЫҰ байқаушылары: Референдум демократиялық дамуға серпін берді

Референдум • Бүгін, 12:05

«Таза Қазақстан»: Астанада 83 мыңнан астам заңбұзушылық тіркелді

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 11:56

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью