Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Мәжіліс төрағасы Астанадағы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының ғимаратында орналасқан №128 сайлау учаскесінде дауыс берді.
– Референдумның әділ, таза, ашық өтетініне менің күмәнім жоқ. Себебі біз ел-елді аралап келдік. Халықтың көңіл-күйін көріп отырмыз, қолдауын сезіп отырмыз. Ешқандай заңбұзушылыққа баратынына негіз жоқ. Бұл – төрт жылдың ішіндегі үшінші референдум. Бұған дейінгі екі референдумда да халықтың белсенділігін көрдіңіздер, – деді Е.Қошанов тілшілерге берген сұхбатында.
Мәжіліс спикері 15 наурыз ел тарихындағы ерекше орын алатын, тарихи күн болуы мүмкін екенін атап өтті.
Фото: МәжілісФото: Мәжіліс– Бұған дейінгі өзгерістер де халыққа қажетті, халықтың сұранысы мен заман талабынан туған құбылыс болды. Президент Парламенттік реформа бастамасын деп жарты жыл бұрын жариялады, оған 10-15 мыңға таяу ұсыныстар түсті. Оның арасында Парламенттік реформа ғана емес, Конституцияның басқа да баптарына қатысты ұсыныстар болды. Конституциялық комиссия осының барлығын назарға алып, негізгілерін қабылдады, – деді Ерлан Қошанов.
Айта кетейік, жаңа Конституция жобасында Парламент жұмысына да қатысты өзгерістер қамтылған. Онда екі палаталы Парламенттің орнына бірпалаталы Құрылтайды құру көзделген.
Депутаттар саны – 145 және олар пропорционалды жүйе бойынша (партиялық тізімдер арқылы) бес жылға сайланады.
Қазір еліміздегі және шет елдердегі барлық учаскеде дауыс беру жүріп жатыр.