Реформа мемлекетті өркендетудің өзегі

31.01.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Жалпы, Конституциялық реформаның қолға алынғанын дұрыс деп санаймын. Соның ішінде Парламенттің өкілеттігі арттырылып, енді Жоғары аудиторлық палатаның және Орталық сайлау комиссиясының құрамын жасақтау құзыреті Парламенттің келісімімен ғана тағайындалуы қажет деген ұсыныс айтылды.

Сурет: gazeta.uz

Жоғарғы соттың бар­лық судьяларын сай­лау құзыреті енді жо­ғары өкілді орган депутат­тар­ына берілмек. «Бұл – би­лік тармақтары арасын­дағы те­жемелік тепе-теңдік жүйе­сін ны­ғайту және ұлттық пар­­ламентаризмді дамыту жо­лын­дағы маңызды қадам», деді Президент. Бұл өзгеріс­терден Парла­менттің беделі көте­ріліп, оның билігі артады деп ойлаймын. Ха­лық қалау­лылары осы мүм­кін­дікті пайдаланып, Жоғарғы сот судьяларының әділетті жақ­тап, халық пен мемлекет мүд­десі жолында жанашыр үкім­ге жүгінетін болар деген үміт­темін.

Алдағы уақытта саяси партиялардың белсен­ділігі күшейеді. Өйткені енді Парламентке депутаттар партиялық тізіммен сайланады. Енді мажори­тар­лық жүйе мәслихат де­путат­тарын сайлағанда ғана сақталатын болыпты. Осыған байланыс­ты Пре­зидент: «Кейбір пар­тия­лар Парламентпен қатар барлық деңгейдегі мәслихаттарды пропор­ционалды жүйемен жасақ­тауды ұсынғанын біле­мін. Бірақ аймақтарда мажо­ритарлық жүйені сақтап қалу керек деп ойлай­мын. Еліміздің өңірлерінде жергілікті азаматтардың дауыстары, пікірлері жақ­сы естілуі қажет. Бұл – мен үшін айқын ұстаным», деді.

Президенттің Парла­мент­тегі квотасын алып тастау туралы пікірі де маған ұнады. Шын мәнінде, Парламентте «таң­даулы тұлғалардың» бол­ғаны кімге керек. Барлық депу­таттардың құқы мен қақы бірдей болуы қажет. Мем­лекет басшысы бұл туралы: «Парламент ешкім­нің қамқор­лығына, қада­ғалауына мұқтаж емес екеніне сенімдімін. Де­пу­таттардың ішінде арнайы тағай­ындалған «таңдаулы тұл­ға­лар» болмауы керек. Олар бәріне бірдей, ортақ тәр­тіп­пен сайлануға тиіс», деді.

Парламенттегі Қазақ­стан халқы Ассамб­лея­сының арнайы квотасы­ның алып тасталатын­дығы да маған ұнады. Өйт­кені осының өзі халық арасында түсініспеушілік тудыратын. Жұрттың бәрі бір сайлаушылардың қалауымен сайланса, Ассамблеяның квотасына енген депутаттар екін­ші дауыс беру арқылы, ҚХА мүшелерінің ғана қа­лауымен сайланатын еді. Енді әділеттілік орнайды.

Әсия БЕКТҰРҒАНОВА,

доцент 

Соңғы жаңалықтар

24 отбасы қоныстойын тойлады

Қоғам • Бүгін, 08:20

Адамды алмастырмайды

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:15

Тұлғатанудағы ерекше туынды

Басылым • Бүгін, 08:10

Барқында тұқым жинау басталды

Аймақтар • Бүгін, 08:05

Ажырасу тіркелмеген аудан

Аймақтар • Бүгін, 08:02

Америкада білім алу мүмкіндігі

Білім • Бүгін, 08:00

Аида Балаева кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі өңірлік комиссиялардың құрамын жаңартуды тапсырды

Үкімет • Кеше

Оқушылар өмірдің өзін сахналады

Мектеп • Кеше

Отандық стартап саласына 73 млн доллар инвестиция тартылды

Инвестиция • Кеше

Президент: Жаңа Конституция бойынша түпкілікті шешімді халық референдумда қабылдайды

Президент • Кеше

Еліміздің 16 өңірінде ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды

Ауа райы • Кеше

Биометриялық деректерді пайдалану тәртібі нақтыланды

Қоғам • Кеше

Жаңа Конституция жобасының мәтіні қайда жарияланады?

Ата заң • Кеше

Биыл Жамбыл облысында 76 канал жөнделеді

Аймақтар • Кеше

Елордада оқушылар арасында әдеби байқау өтті

Елорда • Кеше

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью