Регбишілер Азияны бағындырды

27.10.2025

Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Оман астанасында өткен Asia Rugby Emirates Men’s Sevens Trophy 2025 турнирінде ел құрамасы барлық қарсыласын ойсырата жеңіп, чемпион атанды. 12 елдің үздіктері жиналған додада спортышаларымыз бірде-бір ойында ұтылған жоқ, нәтижесінде Азияның жоғары дивизионына жолдама алды, деп жазады Egemen.kz

Омандағы екі күндік жарыс топтық және плей-офф кезеңінен тұрды. Қазақстан құрамасы Қырғызстан (44:0), Сауд Арабиясы (27:0) және Катарды (34:7) жеңіп, өз тобында көш бастады. Жартылай финалда Ауғанстанды 41:0 есебімен тізе бүктірген отандастарымыз финалда Үндістан құрамасын 27:0 есебімен ойсырата ұтты.

Осылайша, Қазақстан командасы турнир бойы барлығы 173 ұпай жинап, небәрі 14 ұпай ғана жіберіп алған. Мұндай нәтижемен ұлттық құраманың Азия регби тарихында алғаш рет Division 1 деңгейіне көтерілуі – үлкен жетістік. Финалға шыққан екі ел – Қазақстан мен Үндістан жоғары дивизионға жолдама алса, Өзбекстан мен Қытай Тайбэй төменгі лигаға түсті.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью