Рекордтық 68,2 миллиард м³: Қазақстанда газ өндіру жоспардан 8,6% ға асты

02.03.2026

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженовтің айтуынша, 2025 жылдың қорытындысы бойынша газ өндіру көлемі 68,2 млрд м³-ке жетіп, жоспардан 8,6%-ға асқан, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ресурстық базаны нығайту аясында Жамбыл облысындағы «Барханная» газ кен орны іске қосылды, оның қоры 1,5 млрд м³ газды құрайды. Сонымен қатар, сала дамуының 2029 жылға дейінгі кешенді жоспары бекітілді.

Газ тасымалдау жүйесі де ауқымды дамыды: 2025 жылы «Талдықорған-Үшарал» магистральдік газ құбыры мерзімінен бұрын пайдалануға берілді.

«Елдегі газдандыру деңгейі 64,2%-ға жетіп, 13,1 млн адамға көгілдір отын қолжетімді болды. 2026 жылы газ инфрақұрылымын дамытуға 27,6 млрд теңге бөлініп, 40 жоба іске асырылатын болады. Ең бастысы – стратегиялық «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбырының екінші желісінің бірінші кезеңін аяқтау», – деді Ерлан Ақкенженов.

Газ өңдеу қуаттарын салуға айрықша көңіл бөлінеді. 2026 жылдың желтоқсанында жылдық қуаты 1 млрд м³ болатын Қашағандағы газ өңдеу зауыты іске қосылады. Сонымен қатар Жаңаөзенде жаңа КазГӨЗ-ге мемлекеттік сараптама алу күтілуде (0,9 млрд м³), ал Қашағандағы тағы бір ГӨЗ үшін техникалық-экономикалық негіздеме әзірленуде (2,5 млрд м³).

Аталған бастамаларды іске асыру өндірудің жоғары қарқынын сақтауға мүмкіндік береді және өнеркәсіп пен халықты тұрақты ресурспен қамтамасыз етеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью