Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
- Қазір мұздықтардың еруі қарқыны тым жылдам жүріп жатыр. Мәселен, бұрындары климаттың әлемдегі мұздықтарға әсері біркелкі еді, қазір мұздықтардағы ахуал әртүрлі бола бастады. Сондықтан мұздықтардың өзгеруін нақты түсіну үшін мониторинг желісін кеңейтуді қарастыру керек. Жалпы, кейінгі бес жылда мұздықтарда жаңа процесс басталды. Мәселен, Қырғызстанда мұздықтың еруі маусым айында байқалады. Алайда былтыр қар аз болғанын ескерсек, мұздың еруі сәуірде басталып кетті. Сондықтан 2025 жылы барша Орталық Азияда мұздықтардың біразы жойылды, - деді Томас Сакс.
Оның айтуынша, болашақта қар жамылғысы да кеми береді, яғни жаңбыр көбейіп, қар азаяды. Сонымен қатар қардың еруі мерзімі ертерек басталуы мүмкін.
- Бұл тұрғыда 3-4 мың метр биіктіктегі аудандарды назарға алған жөн, себебі бұл аумақта негізгі қар ресурсы шоғырланып келеді, - деді ғалым.
Бұған дейін 2050 жылға қарай Тәжікстан мұздықтарының 20%-ы жойылуы мүмкін екенін жазған едік.
Айта кетейік, Өңірлік экологиялық форумда Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон мұздықтардың жылдам еруі су теңгерімін бұзып, табиғи апаттар қаупін арттыратынын айтқан еді.