Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
Құжат ресми құқықтық ақпарат интернет-порталында жарияланған.
— 2026 жылғы 1 мамырдан бастап Ресей Федерациясынан жеке тұлғаларға, заңды тұлғаларға және жеке кәсіпкерлерге жалпы салмағы 100 грамнан асатын аффинирленген алтынды құйма түрінде әкетуге тыйым салынсын, — делінген жарлықта.
Сонымен қатар құжатта бірқатар ерекшеліктер қарастырылған. Атап айтқанда, алтын құймаларын Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдеріне шығару Внуково, Шереметьево, Домодедово және Кневичи халықаралық әуежайлары арқылы, Ресейдің Федералдық пробирлік палатасының (ФПП) арнайы рұқсаты болған жағдайда жүзеге асырыла алады.
Сондай-ақ ЕАЭО-ға кірмейтін елдерге де белгілі бір жағдайларда алтын әкетуге рұқсат беріледі. Бұл үшін де аталған әуежайлар арқылы өтіп, ФПП-ның рұқсат құжатын алу қажет. Бұған қоса, заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге ЕАЭО-ға мүше емес мемлекеттерге алтын құймаларын шығаруға қатысты жекелеген жеңілдіктер қарастырылған.
Айта кетейік, Ресейден Қарағандыға әкелінген қызанақтан вирус анықталды.