Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
АСТАНА, 17 ақпан - Sputnik. 2025 жылы ресейлік өнімдер Қазақстанға импорттың 29,7%-ын құрады, деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросы.
Екінші орында Қытай - 29,2%. Қалған елдердің Қазақстанға импорты 5 пайыздан аспайды.
Сонымен қатар, Қазақстанның ЕАЭО елдерімен тауар айналымы бойынша да Ресей көш бастап тұр, оның үлесі 88,6%.
Қазақстанның негізгі экспорттық серіктестері:
Италия (19,8%);
Қытай (19,2%);
Ресей (10,3%);
Нидерланды (7,6%) ;
Қырғызстан – 7,3%;
Беларусь – 3,9%
Армения – 0,2% болды.