Ресей АҚШ тың 255 млрд доллар патша қарызын өтеу туралы талабын агрессия деп атады | Qazaq…
Qazaq24.com, Arasha.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Ресейдің Қаржы министрлігі мен Федерация кеңесі Ресей империясының 255 млрд доллар қарызын өтеу туралы талапқа байланысты АҚШ-пен соттасуға дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.
Алдымен бұл жағдайға қатысты Ресей Қаржы министрінің орынбасары Владимир Колычев пікір білдірді.
«Кезінде Кеңес Одағы да бұл қарызды төлеуді қажет деп санаған емес, ал Ресей тіпті төлемейді.
Шынымды айтсам, егжей-тегжейін білмеймін, бірақ егер сот процесі басталса, Ресей әрине оған қатысады», — деді ол.
«Құқықтық агрессия»: Кейінірек Федерация кеңесі төрағасының орынбасары Константин Косачев АҚШ-тың бұл талабын «құқықтық агрессия» деп атады.
«Бұл бастама — қарсыластарымыздың Ресейге қарсы бастаған құқықтық агрессиясы.
Мұның артында Украинадағы қақтығыстың жалғасуын көздейтін және Дональд Трамп басқарып отырған қазіргі әкімшіліктің бейбіт қадамдарына кедергі келтіруді мақсат еткен АҚШ-тағы белгілі бір күштер тұруы мүмкін», — деп болжады Косачев.
Читать полностью
Читать новость