Ресей кеденшілері Қазақстан шекарасында шоколад тиелген көлікті тоқтатты

27.10.2025

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Алтай кеденінің мобильдік тобы Қазақстаннан Ресейге әкелінген Украинада өндірілген 714 килограмм шоколад тиелген көлікті тоқтатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Осторожно Media" басылымына сілтеме жасап.

"Кеденшілер Қазақстаннан Ресейге бағытталған жүк көлігін тексеруге тоқтатты. Көлік жүксалғышында Украинаның кәмпит фабрикасы шығарған шоколад салынған 372 картон қорап болған. Мұндай өнімге санкциялар салынған, оны ел аумағына әкелуге тыйым салынған", - делінген жарияланымда.

Көлік құралы мен тауар жөнелтушіге қайтарылды. Ресейдің Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 16.3-бабы ("Тыйым салулар мен шектеулерді сақтамау") бойынша тексеріс жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью