Ресей мен Беларуське экспортталатын көліктің утильалымы өсті

26.01.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

— Бұл Қазақстаннан Ресей мен Беларуське экспортталатын автокөліктерге утилизациялық алымды есептеу кезінде аталған елдерде белгіленген мөлшерлемеге қосымша түрде Қазақстанда төленген кедендік баждар, қосылған құн салығы мен акциздер арасындағы айырманың алынуымен байланысты. Алайда Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 454 және 456-баптарына сәйкес, Қазақстанда өндірілген автокөліктер ЕАЭО тауарлары. Осыған орай, Беларусь пен Ресейде қазақстандық өндірістегі автокөліктерге «кедендік коэффициенттерді» қолдану заңсыз, — делінген хабарламада. 

Ал елімізде өндірілетін техникаға, сондай-ақ ЕАЭО-ға мүше емес мемлекеттерден, Армения мен Қырғызстаннан импортталатын техникаға утилизациялық алым ставкалары бұрынғы деңгейде сақталады.

Сонымен қатар Қазақстан мен ЕАЭО серіктестері арасындағы утилизациялық алым ставкаларындағы теңгерімсіздікті жою мақсатында ресейлік және белоруссиялық техникаға арналған утильалым мөлшері Ресей Федерациясының заңнамасында 2025 жылғы 1 желтоқсаннан бастап белгіленген төлем деңгейіне теңестіріледі.

— Қазақстанда Беларусь пен Ресей брендтеріне тиесілі ауыл шаруашылығы техникасы лицензиялық келісімдер негізінде өндіріліп келеді. Алайда осы келісімдерді бұза отырып, елімізге дайын өнім түрінде жеткізу фактілері болып жатыр. Осыған байланысты аталған саладағы параллельді жеткізу схемаларының жолын кесу үшін утилизациялық алымның жоғарылатылған мөлшерлемесін енгізу ұсынылып отыр, — деді министрліктің баспасөз қызметі.

Ведомство мәліметінше, Қазақстан утилизациялық алым мен импорт саласындағы саясатын мемлекет, бизнес және тұтынушылар мүдделерінің теңгеріміне негіздей отырып, ашық әрі байыпты экономикалық тәсіл аясында қалыптастырады. Бұл ретте отандық өндіріс, ЕАЭО елдерінен және үшінші мемлекеттерден импорт үшін болжамды және тұрақты режим сақталады.

Мұндай ұстаным нарықтың ашықтығын және барлық қатысушы үшін түсінікті әрі тұрақты ережелерді қалыптастыруға деген ұмтылысты көрсетеді.

Бұған дейін 2025 жылы утильалымнан ел қазынасына 324 млрд теңге түскенін жазғанбыз.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью