Sputnik.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
АСТАНА, 28 желтоқсан – Sputnik. Запорожье атом электр станциясы аймағында уақытша атысты тоқтату режимі басталды, деп хабарлады МАГАТЭ бас директоры Рафаэль Гросси.
Тараптар электр желілерін жөндеу үшін атысты тоқтатуға келісті. Жұмыс басталып кетті. Уақытша бітім бірнеше күнге созылады.
"МАГАТЭ-ның араласуымен қол жеткізілген кезекті атысты тоқтату келісімінен кейін Запорожье АЭС маңындағы электр желілерінде маңызды жөндеу жұмыстары басталды. Гросси екі тарапқа да ядролық қауіпсіздікті арттыратын Запорожье АЭС мен Запорожье ЖЭО тарату құрылғылары арасында электр қуатын беруді қалпына келтіру үшін жаңа "тыныштық кезеңіне" келіскені үшін алғыс білдіреді", - делінген агенттіктің әлеуметтік желісінде жарияланған хабарламасында.
Запорожье атом электр станциясы - Украинаның Запорожье облысындағы Энергодар қаласында орналасқан Еуропадағы ең ірі атом электр станциясы.