Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Қазақстанда өткен республикалық референдум кезінде халықаралық бақылаушылар тарапынан ешқандай заңбұзушылық тіркелмеген. Бұл туралы баспасөз конференциясында Ресей Федерациясы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Наталья Бударина мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оның айтуынша, дауыс беру процесі мен референдумды ұйымдастыру Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына толық сәйкес өткен.
«Заңбұзушылықтарға қатысты қандай да бір ескерту айтуға негіз жоқ. Өйткені барлық рәсімдер заңға сәйкес жүргізілді. Мұны өз көзіңмен көргенде анық байқайсың. Шын мәнінде, мұның артында Орталық комиссияның басшылығымен жұмыс істеген референдум комиссияларының, сондай-ақ барлық жауапты органдардың үлкен еңбегі жатыр. Олар азаматтардың дауыс беруіне барлық мүмкіндіктердің жоғары деңгейде қамтамасыз етілуіне жағдай жасады», деді Н.Бударина.
«Халық үні»: Учаскелердегі дауыс беру барысы Орталық комиссияның деректеріне сай келеді
Ол дауыс беру нәтижелері қазақстандықтардың азаматтық жауапкершілігінің жоғары екенін көрсететінін атап өтті.
«Мұны біз дауыс беру нәтижелерінен көріп отырмыз. Бұл азаматтардың қоғамдық-саяси үдерістерге жауапкершілікпен қарайтынын көрсетеді. Сонымен қатар дауыс беру үшін барлық мүмкіндіктердің толық қамтамасыз етілгенін аңғартады. Бұған комиссиялардың дауыс беру тәртібі мен рәсімдері туралы жүргізген кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстары да ықпал етті», деді Ресей ОСК өкілі.
Наталья Бударина сондай-ақ дауыс беру учаскелеріндегі атмосфераға тоқталды.
«Учаскелерде өте жылы әрі достық атмосфера қалыптасты. Мұны референдумға қатысушылар да, бақылаушылар да байқады. Кейбір жерлерде кезек болғанына қарамастан, бәрі өте сыпайы әрі ұйымшыл жағдайда өтті», деп қосты ол.
ТМД бақылаушылары: Референдумда дауыс беру процесі ашық әрі әділ өтті
Оның айтуынша, атқарылған жұмыстар референдумның ашық әрі қолжетімді өтуіне мүмкіндік берген.
Соңғы жаңалықтар
Референдумды бақылау: «Ел дауысы» қоры алдын ала қорытындыларын жариялады
Референдум • Бүгін, 13:35
Қадір түнін қалай өткізген дұрыс?
Руханият • Бүгін, 13:25
Мәдениет және ұлттық дәстүр күнінде елордада қандай іс-шаралар өтеді?
Мереке • Бүгін, 13:14
«Халық үні»: Учаскелердегі дауыс беру барысы Орталық комиссияның деректеріне сай келеді
Референдум • Бүгін, 13:06
ТМД бақылаушылары: Референдумда дауыс беру процесі ашық әрі әділ өтті
Референдум • Бүгін, 13:00
Әлемдік нарықта Brent маркалы мұнайдың бағасы барреліне 103 доллардан асты
Әлем • Бүгін, 12:54
Польшадағы Еуропа кубогі: Қазақстан құрамасы жалпы есепте 5-орынға тұрақтады
Спорт • Бүгін, 12:46
Түркі мемлекеттері ұйымының бақылаушылары: Референдум ашық және заңға сәйкес өтті
Референдум • Бүгін, 12:32
ТүркПА байқаушылары: Референдумда заң бұзушылықтар анықталған жоқ
Референдум • Бүгін, 12:27
Олжас Бектенов: Ел тағдырына қатысты тарихи оқиғаның куәгері болдық
Референдум • Бүгін, 12:25
Имран Садихов: Бас хатшылық референдумның бейбіт әрі тәртіппен өткенін жоғары бағалайды
Референдум • Бүгін, 12:18
Ормұз бұғазының бұғатталуы әлемде қандай тәуекелдер тудырады?
Әлем • Бүгін, 12:12
Референдум күні елімізде 585 бала дүниеге келді
Референдум • Бүгін, 12:11
ШЫҰ байқаушылары: Референдум демократиялық дамуға серпін берді
Референдум • Бүгін, 12:05
«Таза Қазақстан»: Астанада 83 мыңнан астам заңбұзушылық тіркелді
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 11:56