Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
АСТАНА, 18 шілде – Sputnik. Ресей қарулы күштері Украинаға әскери жүк жеткізбек болған екі кемені жойды, деп хабарлайды Ресейдің қорғаныс министрлігі. Бұл туралы РИА Новости жазды.
"Әскери мақсаттағы жүктерді тасымалдап бара жатқан екі теңіз кемесіне Черноморск портында және теңізде соққы жасалды", — делінген хабарламада.
Сонымен қатар, Рыбаковка елді мекенінің маңында "Нептун-2" жағалаулық зымыран кешенінің ұшыру қондырғысына соққы жасалды, деп хабарлады министрлік.