Sputnik.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
АЛМАТЫ, 9 желтоқсан – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин Ресейге тауарларды Қазақстан мен Қырғызстаннан автомобиль көлігімен әкелу уақытын 25 желтоқсанға дейін ұзарту туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды РИА Новости.
Тиісті құжат құқықтық актілерді ресми жариялау сайтында орналастырылды.
"Ресей Федерациясының мемлекеттік шекарасының Ресей - Қазақстан учаскесіндегі кедендік реттеудің ерекшеліктері туралы" Ресей Федерациясы президентінің 2025 жылғы 24 қазандағы № 778 жарлығына өзгеріс енгізілсін... 1-тармақтағы "2025 жылғы 10 желтоқсанға дейін" деген сөз "2025 жылғы 25 желтоқсанды қоса алғанда" деген сөздермен өзгертілсін", - делінген жарлықта.
Жарлық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.