Ресей Украинаның мұнай өңдеу және инфрақұрылым нысандарына соққы жасады

21.06.2026

Sputnik.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

АСТАНА, 21 маусым – Sputnik. Ресей Федерациясының Қарулы күштері Украинаның мұнай өңдеу, отын-энергетика және көлік инфрақұрылымы нысандарын, жанармай қоймаларына соққы жасады, деп хабарлады Ресей Қорғаныс министрлігі.

Бұл туралы РИА новости жазды.

"Жедел-тактикалық авиация, ұшқышсыз ұшу аппараттары, зымыран әскерлері мен Ресей Федерациясы қарулы күштері әскерлері топтарының артиллериясы әскери аэродромның инфрақұрылымына нұқсан келтірді. Украинаның мұнай өңдеу объектілеріне, отын-энергетикалық және көлік инфрақұрылымына, жанармай қоймаларына, логистикалық орталықтарға, алыс қашықтықтағы ұшқышсыз ұшу аппараттарын өндіру және құрастыру шеберханасына, олардың орындарына соққы жасады. Сондай-ақ 147 ауданда украин Қарулы күштері мен шетелдік жалдамалылардың уақытша орналасу пункттеріне нұқсан келтірілді", - делінген хабарламада.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью