Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Ресейдің Иваново облысында Ан-22 «Антей» әскери-көліктік ұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлайды Egemen.kz SHOT басылымына сілтеме жасап.
Апат Фурманов ауданында орын алды. Ұшақ бортында жеті экипаж мүшесі болған. Оқиға орнында жедел қызметтер жұмыс жүргізіп жатыр.
«Әскери АН-22 «Антей» ұшағының бортындағы жеті экипаж мүшесі, алдын ала мәлімет бойынша, қаза тапты. Ұшақ Иваново облысындағы Уводь су қоймасы маңына құлаған. Әуе кемесінің бөліктері судан табылды», деп жазды басылым.
Әскери «Ан-22» – әлемдегі ең ірі турбовинтті ұшақ, оны «Антонов» авиакәсіпорны құрастырған.