Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Құжат «Ресейдегі шетел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы» заңға өзгерістер енгізуді көздейді. Жобаға сәйкес, еңбек мигранттары өздері және Ресейде өздерінің асырауындағы отбасы мүшелері үшін белгіленген мөлшердегі аванстық салықты төлеуге міндетті болады. Мигрант пен оның отбасының елде болу мерзімі еңбек шартының мерзіміне байланысты болады.
18 жасқа толған шетелдік азаматтардың балалары, егер олардың елде тұруының өзге де заңды негіздері болмаса, 30 күн ішінде Ресей Федерациясынан кетуге тиіс.
Заң жобасы сондай-ақ, егер мигранттың табысы туралы деректер болмаса немесе оның жалақысы отбасы мүшелерін ескере отырып, ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен болса, патентті немесе жұмысқа рұқсатты жоюдың жаңа негіздерін қарастырады.
Жоғары білікті мамандар үшін жеке талаптар белгілеу ұсынылып отыр. Мұндай жұмысшылардың көпшілігі үшін ең төменгі жалақы айына 717 мың рубльді (биылғы 12 наурыздағы курсы бойынша 6,17-ден 4 млн. 423 мың 890 теңге) құрауы тиіс. Аккредиттелген компаниялардағы дәрігерлер, оқытушылар, ғалымдар және IT-мамандар үшін — 358,5 мың рубль (2 млн. 211 мың 945 теңге, 12 наурыздағы курсы бойынша 6,17).
Сондай-ақ уақытша тұруға рұқсаты немесе тұруға ықтиярхаты (ВНЖ) бар шетелдіктерге қатысты ережелерді қатайту ұсынылып отыр. Егер адам бір жыл ішінде он айдан аз жұмыс істеген болса, құжаттар берілмеуі немесе жойылуы мүмкін.
Бұған дейін алматылық полицейлер шетелдіктерді елден шығарып жібергені туралы жазған болатынбыз.