Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Хабарламаға сәйкес, жүк Ресейге Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің бірінен әкелінген. Ал оны шетелге шығару кезінде ландшафтық дизайнға арналған мүсін ретінде декларацияланған. Алайда егжей-тегжейлі тексеру барысында жүктің шығу тегі мен құны ілеспе құжаттарда көрсетілген мәліметтерге сәйкес келмейтіні белгілі болды.
Сараптама нәтижесінде оның сирек кездесетін «Алетай» темір метеоритінің сынығы екені анықталды. Мамандардың бағалауынша, оның жалпы құны шамамен 323 млн рубль. Контрабандалық жүк жалған сылтаумен Ұлыбританияға жөнелтілмек болған.
«Алетай» метеориті 1898 жылы ҚХР-дың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында табылған. Ол көне протопланетаның ядросының бір бөлігі болып саналады. Бұл — Жер бетінде белгілі ең ірі темір метеорит, ерекше металл жолақтары бір-бірімен өрілген қайталанбас құрылымымен ерекшеленеді. Негізінен темір мен никельден тұрады. Оның ірі фрагменттері жоғары ғылыми және коллекциялық құндылыққа ие. Сондықтан метеориттің бөліктері жиі заңсыз сауданың нысанына айналады.
Айта кетейік, Түркияда құлаған метеорит әлеуметтік желіні дүрліктірді.