Ресейде қаңтар айында жалақы бойынша берешек 1,85 млрд рубль болды

26.02.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Өткен аймен салыстырғанда жалақы бойынша жиынтық берешек 171,3 млн рубльге немесе 8,5%-ға азайған. Ал жылдық мәнде көрсеткіш 1 млрд 485,4 млн рубльге өсіп, шамамен бес есеге артқан.

2026 жылғы қаңтар айының соңындағы төленбеген жалақының жалпы сомасының ішінде 755,3 млн рубль немесе 40,7%-ы 2026 жылы қалыптасқан берешекке тиесілі. 2025 жылы пайда болған қарыз көлемі 962,8 млн рубльді немесе 51,9%-ды құрады.

Ал 2024 жыл және одан бұрынғы кезеңдерден қалған берешек 137,8 млн рубль немесе 7,4% болды.

Ресей статистикасының мәліметінше, тексерілген ұйымдарда жалақы бойынша берешегі бар қызметкерлердің үлесі 2026 жылғы қаңтардың соңында 1%-дан аз болған.

Экономикалық қызмет түрлері бойынша жалақы қарызы бар қызметкерлер саны мынадай салаларда шоғырланған:

құрылыс – 42% өңдеу өнеркәсібі – 31,1% пайдалы қазбаларды өндіру – 11% сумен жабдықтау, су бұру, қалдықтарды жинау және кәдеге жарату, ластануды жою қызметі – 4,6% ауыл, орман шаруашылығы, аңшылық, балық аулау және балық өсіру – 3,8% жылжымайтын мүлік операциялары – 2,7% кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет – 2,6% көлік және сақтау – 0,5% қаржы және сақтандыру қызметі – 0,4% денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер – 0,4% білім беру – 0,3% көтерме және бөлшек сауда, автокөлік пен мотоциклдерді жөндеу – 0,2% мәдениет, спорт, бос уақытты ұйымдастыру және ойын-сауық – 0,2% өзге де қызмет түрлері – 0,2%.

Айта кетейік, Ресейде қаңтар айындағы жылдық инфляция 6 пайызды құрады.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью