Qazaq24.com, Zakon.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Алтай Республикасы Ішкі істер министрлігі бас басқармасының мәліметінше, оқиға кезінде жүргізуші мен үш жолаушы, оның ішінде 15 жастағы қыз бала зардап шеккен.
Сурет: Алтай Республикасы бойынша ІІМ баспасөз қызметі
Алдын ала мәлімет бойынша, 47 жастағы жүргізуші жолдың күрделі учаскесінде көлікті басқара алмай қалған. Соның салдарынан қазақстандықтар отырған Changan X5 Plus автокөлігі жолдан шығып кетіп, арыққа аударылған.
Сурет: Алтай Республикасы бойынша ІІМ баспасөз қызметі
Жарақат алғандардың барлығы Онгудай аудандық ауруханасына жеткізілді. Олардың денсаулық жағдайы туралы әзірге қосымша ақпарат жарияланған жоқ.
"Аталған жол-көлік оқиғасына байланысты тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оның қорытындысы бойынша заңнамаға сәйкес тиісті шешім қабылданады",- делінген ақпаратта.
Бұған дейін Алматыда жаяу жүргіншіні алдымен бір көлік қағып, кейін екіншісі басып кеткенін жазғанбыз.