Ресейде Қазақстанның екі азаматы қамауға алынды

04.02.2026

Sputnik.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

АСТАНА, 4 ақпан - Sputnik. Ресейде 19 жастағы екі қазақстандық қамауға алынды. Олар Ленинград облысындағы ұялы байланыс станциясын өртеп жіберді деген күдікке ілінді.

Ленинград облысы соттарының біріккен баспасөз қызметі хабарлағандай, күдіктілерге 40 мың рубль, яғни 262 мың теңге көлемінде сыйақы беруге уәде етілген.

"Тараз қаласынан келген екі жас жігіт Санкт-Петербург қаласында тұрған. Ауыр материалдық жағдайға, заңды табыс көзі болмауына байланысты олар "кураторлардың" нұсқауымен Ленинград облысының Ломоносов ауданындағы ұялы байланыс операторының базалық станциясының тарату қалқанын өртеп жіберді. Оларға материалдық сыйақы үшін 40 000 рубль мөлшерінде уәде етілген", - делінген хабарламада.

Қазақстандықтар қылмыс орнынан таксимен жасырынуға тырысқан кезде қолға түскен.

Ресей Федерациясы Қылмыстық кодексінің 281-бабының 2-бөлігі "а" тармағы "адамдар тобы жасаған диверсия" бойынша 12 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған, дейді сотта.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью