Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
АСТАНА, 2 қыркүйек – Sputnik. Мәскеуде шетелдік БАҚ-қа арналған ақпараттық жобалардың V халықаралық байқауы – "Шынайы көзқарас" медиасыйлығына өтінім қабылдау басталды.
Байқау Ресейдің басқа елдермен мәдени, гуманитарлық және экономикалық ынтымақтастығы тақырыптарын жариялайтын шетелдік БАҚ-тың үздік ақпараттық жобаларын, сондай-ақ журналистер, авторлар мен блогерлердің жұмыстарын қолдауға бағытталған.
2026 жылғы номинациялар:
"Ресей туралы объективті ақпарат таратуға қосқан үлесі үшін" Гран-при;
"Экономикалық және әлеуметтік серіктестік туралы үздік материал";
"Мәдениет пен дәстүр: шетелдік көзқарас";
"Кәсіби көзқарас: жанрлық журналистика";
"Жаңа дауыс: жас журналистің үздік материалы";
"Digital-тану: әлеуметтік желілердегі Ресей туралы үздік жоба".
Байқауға 2025 жылғы 26 қараша мен 2026 жылғы 4 қазан аралығында БАҚ-та немесе әлеуметтік желілерде жарияланған материалдар қабылданады.
Байқауды ұйымдастырушы – Россотрудничество.
"Шынайы көзқарас" байқауы іске қосылғаннан бері оның географиясы төрт есе кеңейді, ал қатысушылар саны жеті есеге артты. Бұл көрсеткіштер таңғалдырады. Оның үстіне бұл жай ғана құрғақ статистика емес. Әр өтінімнің артында қазіргі шындық жағдайында болып жатқан оқиғаларға тәуелсіз әрі шынайы көзқарас бәрімізге қажет деп сенетін журналист тұр", – деді Россотрудничествоның ақпараттық саясат басқармасының басшысы Александра Кикнадзе.
2025 жылы байқауға 75 елден 821 өтінім түскен. Жеңімпаздар Сербия, Қытай, Марокко, Италия, Грузия, Үндістан, Қазақстан, Армения, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Ливан және Оңтүстік Осетиядан болды.
Өтінім беру үшін мына сілтемеге өту керек.