Qazaq24.com, Arasha.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
Терроризмге жария түрде шақыру бабы бойынша жазасын өтеп жатқан саяси тұтқын Александр Доценко инфаркттан кейін көз жұмды. Бұл туралы оны қолдау тобының Telegram-арнасында айтылған, деп хабарлайды Arasha.kz.
65 жастағы Доценко 12 ақпанда колонияда ауыр инфаркт алған. 14 ақпанда ол ауруханаға жатқызылып, комада жатты. Адвокаттың айтуынша, Ресейдің Жазаны өтеу федералды қызметінің (ФСИН) қызметкерлері болған оқиға туралы отбасына да, қорғаушы тарапқа да уақытында хабарламаған.
2024 жылдың шілдесінде 1-ші Батыс округтік әскери сотының судьясы Андрей Карнаухов Доценконы үш жылға, ал оның әйелі, 46 жастағы безендіруші-суретші Анастасия Дюдяеваны үш жарым жылға колония-қонысқа үкім кескен.
Сотқа 2023 жылдың желтоқсан айының соңында Санкт-Петербургтегі «Лента» дүкендерінің бірінен табылған «Путиняку на гиляку» («Путинді дарға асу керек») деген сөздері бар карикатуралар мен парақшалар себеп болған. Тергеу нұсқасы бойынша, Дюдяева бірнеше ашықхат дайындаған, ал Доценко оларды супермаркет сөрелеріне қойып шыққан-мыс.
Ерлі-зайыптылар бұл парақшаларға қатысы барын жоққа шығарды, ал қорғаушы тарап айыптау актісіндегі қарама-қайшылықтарға нұсқады. Тіпті прокурор шақыртқан қолтаңба маманы (почерковед) жазуды Доценко мен Дюдяева жазғанына күмән келтірген.
Доценко Украина тумасы, жеңіл атлетикадан балалар жаттықтырушысы және зергер-суретші болып жұмыс істеген. Олар әйелімен бірге Ленинград облысы Гатчина ауданының Тайцы кентінде тұрған.
«Мемориал. Саяси тұтқындарды қолдау» жобасы ерлі-зайыптыларды саяси тұтқындар деп таныды. Негіздемеде оларды қудалау соғысқа қарсы ұстанымдарымен байланысты екені, ал тағайындалған жаза жасалған іс-әрекетке сәйкес келмейтіні айтылған.